04 Ақпан, 2016

Солтүстік Қазақстанда жас спортшыларды қолдау қоры жұмыс істейді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-02-2016-taiboksПЕТРОПАВЛ. 4 ақпан. Солтүстік Қазақстанда кеден қызметінің полковнигі Қайсар Мәлгаждаров атындағы қайырымдылық қоры құрылған күннен бастап балғын спортшыларды қаржылық жағынан үзбей қолдап келеді. Бұл туралы аталған қордың құрылтайшыларына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қайсар саналы ғұмырының 15 жылын кеден саласына арнап, департамент бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілген. Өз ісіне адал, кәсіби білікті маман 2013 жылы Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза тапқан. Қайсар Мәлгаждаров атындағы қайырымдылық қорының директоры, марқұмның туған апасы Бақытжан Сәмиеваның айтуынша, 2014 жылы 500 мың теңге, 2015 жылы 365 мың теңге болашақ спортшылардың  мұқтажына бағытталған. Оның бір шапағатын Илья Лузаков есімді жас спортшы көрген. Ол қордың қолдауы арқасында тай боксынан өткен еліміздің біріншілігіне қатысып, алтын медальмен оралған. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Қайсар Мәлгаждаров атындағы қайырымдылық қоры.