04 Ақпан, 2016

Биыл Жамбыл облысында жол жөндеуге 6,6 млрд. теңге бөлінді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.02.2016 TAR ТАРАЗ. 4 ақпан. Жамбыл облысында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісі 5351 шақырым. Биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеу мен күтіп ұстауға барлық бюджет көздерінен 6,6 млрд.теңге бөлінеді. Бұл туралы Жамбыл облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиев хабарлады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге және жергілікті бюджеттерден 4,7 млрд. теңге бөлініп, жол жөндеу жұмыстарымен 301 шақырым жол қамтылмақ. Сонымен қатар, 524 млн.теңге облыстық маңызы бар автожолдарды ағымды жөндеу мен күтіп ұстау жұмыстарына қарастырылып, 92 мың шаршы метр шұңқырларды жөндеу, 1900 дана - жаңа жол белгілерін, сондай-ақ, 1 200 метр - жол бойы және көпірлердегі қоршауларды орнату жоспарланған. Оралхан Дәуіт. Дерек, сурет: egemen.kz