04 Ақпан, 2016

Оңтүстікте өрт сөндіруде квадрокоптердің көмегі тиіп жатыр

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.02.2016 OQO-3 ШЫМКЕНТ. 4 ақпан. Темірлан тас жолының бойында орналасқан, маңдайшасына «Мұсылман моншасы» деп жазылған монша өртке оранды. Бұл туралы ОҚО төтенше жағдайлар басқармасының дерегі бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Алаулаған өрт таңға жуық сөндірілген. Ешкім жарақат алған жоқ. Өрт сөндірушілер жыл басында сатып алған квадрокоптердің көп көмегі тигенін айтады. Өрт болған нысанның төбесінде ұшып жүрген квадрокоптер тілсіз жаудың көрші ғимаратқа өтіп кетпеуін анықтап, ауыздықтауға себін тигізген. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz 04.02.2016 OQO-4