04 Ақпан, 2016

Шымкентте бір адам «Газельді» ұрлаймын деп көлікті өртеп алды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.02.2016 OQO-5 ШЫМКЕНТ. 4 ақпан. Шымкентте түн жарымында «Газель» көлігі өртенді. Бұл деректі облыстық төтенше жағдайлар басқармасынан алған egemen.kz тілшісі хабарлайды. Дабыл бойынша өрт сөндірушілер тез жетіп сөндірген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері таяу маңда орналасқан бейнежазба таспасынан белгісіз біреудің «Газельді» ашпақ болғанын байқаған. Әрі-бері аша алмағаннан кейін терезені сындырып ішке енген. Тәрізі, машина айдағанымен, басқасынан хабары жоқ болуы керек. Өрт сөндірушілер өрт тоқтардың тұйықталғанынан болған деседі. Яғни, машина ұрламақ болған күдікті басқа сымдарды бір-біріне жалғаған. Машина ұрлаймын деп өртеп алған күдікті іздестіріліп жатыр. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті.