04 Ақпан, 2016

Шортандыда күйеуін өлтірген әйел қамауға алынды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-02-16-noj-1

КӨКШЕТАУ. 4 ақпан. Ақмола облысының Шортанды ауданына қарасты Научный елді мекенінде күйеуін өлтірген 29 жастағы әйел қамауға алынды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қайғылы оқиға үй иесінің жұмыстан арақ ішіп, мас болып келуінен басталған. Осыдан үй ішінде әдеттегідей ұрыс-керіс көтерілген. Күйеуі әйелін ұруға көшкен. Сол кезде қаша қорғанып жүрген әйелдің қолына пышақ түскен. Ол сол суық қаруды күйеуіне салып алған. Содан кейін әйел көршілеріне барып, болған жағдайды айтып, «жедел жәрдем» шақыртқан. Алайда, мұның пайдасы болмады. Өз-өзіне келе алмаған ер кісі көп ұзамай қайтыс болып кетеді. Анықталғанындай, ерлі-зайыпты бұл кісілер 10 жылдан бері бірге өмір сүрген. Екеуінен бірнеше бала дүниеге келген. Бірақ осы жылдардың бәрінде үй иесі алкогольді ішімдікке жақын екендігімен белгілі болған. Солардың көбінде әйелін соққыға жығып, оған зәбір-жапа көрсетіп келген. Қазір болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оған 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасы қолданылуы мүмкін. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.