04 Ақпан, 2016

«Тәттіқұмар» жүкші 1 млн. 200 мың теңгенің кондитерін қолды еткен

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-02-16-konditer-1

КӨКШЕТАУ. 4 ақпан. Қалалық ішкі істер басқармасының полицейлері серіктестіктердің бірінде жүкші болып жұмыс істейтін жас жігіттің ұрлыққа қатысты әрекетін әшкере етті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Биылғы жылдың 15 қаңтарында қалалық ішкі істер басқармасы кезекшілік бөліміне бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы шағым айтып келді. Ол қоймадан 1 млн. 200 мың теңгенің кондитерлік өнімдерінің ұрланғанын жеткізіп, ұрыларды тауып беруге көмектесуді сұрады. Осыдан кейін тәртіп сақшылары ықтимал ұрыларды іздей келіп, 25 жастағы жүкші жігітке назар аударды. Онымен сөйлесе келгенде, бәрі айқындала берді. Қоймада жұмыс жасайтын ол осы жерден кондитер өнімдерін біртіндеп ұрлап, оларды қайта сатумен айналысып келіпті. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы үш мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлды немесе сол көлемдегі түзетушілік жұмыстарды, немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру мен мүлігін тәркілеумен деген жазаларды қарастырады. Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.