04 Ақпан, 2016

Футболшы Цветкович Көкше клубымен қош айтысты

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-02-16-cvet-1

КӨКШЕТАУ. 4 ақпан. Өткен маусымды Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы сапында өткізіп, Қазақстан премьер-лигасы чемпионатына қатысқан серб футболшысы Иван Цветкович өз отанына қайта оралды. Бұл туралы Sports.kz порталы дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Сербияның «Ягодина» командасының ресми сайты хабарлағандай, 34 жастағы хавбек Иван Цветкович өз клубына қайта оралған. Еске сала кетейік, серб ойыншысы Қазақстанда төрт маусымын өткізді. Ол осы жылдарда Талдықорғанның «Жетісуы» мен «Оқжетпес» құрамында 83 рет алаңға шығып, 4 голдың авторы атанды. Ал 2016 жылдың басында екі жақты келісім бойынша Көкшетау командасымен контрактісін мерзімінен бұрын бұзған. Тәжірибелі футболшы енді өзінің туған клубында бұған дейін Қызылорданың «Қайсарында» жалға берілу негізінде өнер көрсеткен Вука Митошевичпен бірге ойнайтын болады. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Sports.kz.