05 Ақпан, 2016

Головкиннің жоспарсыз өткізген кездесуі

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Головкин-1Ақпанның 3-і күні Қазақ елінің мақтанышына айналған Геннадий Головкинннің өзін түлетіп ұшырған Қарағанды қаласы, Майқұдық ауданындағы Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектепке келгені барша жұртты таң қалдырды. Ол алдын ала ешкімге хабарламай, ақпарат құралдарын дүрліктірмей, жас спортшыларға сыйлық ретінде спорт заттарын алып, елеусіз ғана келген. Осы келісімен «Ұлық болсаң, кішік бол» дейтін қасиетті ұғымын қайта жаңғыртқандай. Олай дейтініміз – мұндай сипаттағы кездесулер қазір өте сирек екенін несін жасырамыз. Ешкімге айт­пай өткізбек болған кездесу тура­лы фейсбугінде Ботабек Тіле­ге­новтің хабарынан кейін, хабардар болғандардың интернеттегі қуа­нышы мен ыстық ықыласында шек болған жоқ. Оқушылар алыста, көптен көр­мей сағындырған ағасы келгендей қуанды, арқаланды. Бәрі Гена секілді әлемге әйгілі спорт­шы болуға іштей бекінді – Гена­мен түскен суреттердің бәрінде жұдырықтарын тас түйіп, «мен дайынмын!» деген сыңайда тұр. «Геннадий, біз сені әрқашан мақ­тан тұтамыз, сенің қолыңнан бокс­пен қоса депутат болу да келеді, біз саған сенеміз!» – деп ағасына сенім артып жатыр. Жас спортшылар кездесу ке­зінде, ұлылық пен қарапайым­дылықтың соншалық үндес екенін түсінді. Геннадий Головкин ұста­зын тыңдап, құрметтеген адамның ғана жеңіс шыңына көтеріле алатыны туралы ескертті. Қазақтың даласы секілді жүзі­нен жылылық пен сабырлылық есіп тұратын Г.Головкиннен үй­ренетін нәрсе көп. Әлемдік биікке көтерілуі үшін тек күш пен жігер ғана емес, осындай мінездің де көмегі көп екенін түсінді қазақ жұрты. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». ҚАРАҒАНДЫ.