05 Ақпан, 2016

Атырау соты Өзбекстан азаматын елден шығарды

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-01-2016-atyrau 01АТЫРАУ. 5 ақпан. Атырау қалалық сотының шешімімен көшеге темекі тұқылын тастаған Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды. Бұл туралы облыстық сотына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өзбекстан Республикасының азаматы К.Кодиров Атыраудағы С.Датов көшесінің бойында темекі тұқылын көшеге лақтырып жіберіпті. Сол себептен, Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен шетелдік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабындағы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен бірге, өзбекстандықтың тарапынан «Шетелдіктің құқықтық жағдайы туралы» Заңының 28-бабындағы в-тармақшасында көзделген талапты бұзғаны анықталды. Сот осыған байланысты К.Кодировты 10 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шығару жөнінде шешім қабылдады. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Сурет: report.az.