06 Ақпан, 2016

Сенаттағы жұмыс бабындағы кеңес

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Төрағасы Қ.ТОҚАЕВ2Сенатта «Діндер терроризмге қарсы» конференциясына әзірлік жайы талқыланды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хат­шылығының басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев биылғы 31 ма­­мыр – 1 маусымда Астанада өтетін «Діндер терроризмге қар­сы» ха­лықаралық конференция­сына және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Хатшы­лы­ғының XV отырысына әзірлік және оны өткізу мәселелері бойын­ша жұмыс бабындағы кеңес өткізді. Аталған шара Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың конфес­сия­­аралық үнқатысуды ілгері­лету жә­не терроризмге төтеп бе­ру жө­нін­дегі бастамаларын іске асыруға ба­ғыт­талған. Сенат Төрағасының пікірінше, Съезд Хат­шылығының ке­зекті отыры­сының қарсаңында кон­ференцияны өткізу түрлі елдердің беделді діни қайраткерлері мен парламентшілерін бір үстелге бас­тарын қосуға мүмкіндік береді. Қ.Тоқаев шараны жоғары деңгейде ұйым­дастыру және мазмұнды әзірлік­ті қамтамасыз етуді тапсырды. Кеңесте Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Марат Әзілханов сөз сөйледі.