07 Ақпан, 2016

Испанияда лаңкестік ұйымға қатысы бар күдіктілер ұсталды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-02-2016 spainАСТАНА. 7 ақпан. Испанияда террорлық ұйымдарға қатысы бар 7 азамат ұсталды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Полиция қызметкерлері күдіктілерді Валенсия және Аликанте қалаларында тұтқынға алған. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, олар Сириядағы атышулы лаңкестер ұйымының мүшелері болуы мүмкін. Қолға түскендердің төртеуі сириялық болса, қалғандары Морокко, Иордания мемлекетінің азаматтары. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: 24.kz.