09 Ақпан, 2016

Қоғамдық бірлестіктің жаңа филиалы

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ор­талық коммуникациялар қызметінің Алматы бөлім­шесінде «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері елімізде наурыз айында өтетін сай­лауға қатысты өздерінің жаңа аймақтық филиалын ашқан­дығын мәлімдеді. Аталған қоғамдық бірлестіктің төрағасы, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Қопабаев жуырда Астана қаласында Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәс­лиxаттардың сайлауларына байланыс­ты Қазақстанда Сай­лау бары­сын байқау жөніндегі рес­публикалық комиссия өз жұмы­­сын бастағанын және оған еліміз­­ге танымал саясаткерлер, сарап­­шы­лар, журналистер мен үкі­метт­ік емес ұйымдар өкілдері қатыс­тырылып отырғанын мәлімдеді. – Сайлаудың ашық әрі заң талабына сай өтуін қамтамасыз ететін комиссияның басты мақсаты – сайлауды байқау. Міндетіміз – сайлаушылармен сөйлесіп, оларды саяси науқанға дайындау. Біз xалықпен ғана емес, шетелден келген байқаушылармен, әрбір партия өкілімен жұмыс істейтін боламыз. Бұл комиссияның құрамына елге белгілі азаматтар кірген, – дей келе, Өмірәлі Қажыбайұлы өзі төрағалық ететін қоғамдық бірлестіктің жаңа филиалы туралы да мәлімет беріп, оның атқаратын міндеттерін журналистерге таныстырып өтті. «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласында және облысында ашылған сайлауалды штабтары тәулік бойы жұмыс істейді және байқаушылар сайлаушылардың міндеттері мен құқықтары туралы мәлімет беріп, заң аясында сайлаудың демократиялық талаптарға сай өтуін қамтамасыз етеді. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.