09 Ақпан, 2016

Бәсеке додасы басталды

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
DSC_0836Қазақстанда тағы бір үлкен саяси науқан бас­тал­ды. Мәжілістегі 107 орын үшін саяси партиялар бәсе­кені бастап кетті. Ал жергі­лікті мәслихаттарға үміт­кер­лер тіркеліп жатыр. Қызылорда облысындағы доданы ең бірінші болып «Қызылорда тазалық» ЖШС-нің директоры Талғат Құлмағанбетов бастады. Ол кеше №12 «Орталық» сайлау округінен қалалық мәслихатқа үміткер ретінде тіркелді. Үміт­керді тіркеу рәсімі бірнеше ми­нутқа ғана созылды. Сайлау ок­ругіндегі жұмыстың жүйелі әрі өз заңдылықтарын сақтап жұмыс істеп жатқанын осыдан-ақ көруге болады. Мұнан соң мәслихат депутаттығына кандидат журналис­термен сұхбаттасты. – Соңғы жылдары Қызылорда облысы қарқынды даму жолына түсті. Әлеуметтік-эконо­ми­калық даму көрсеткіші бойын­ша еліміздің маңдайалды ай­мақтарының біріне айналды. Соның ішінде өзім басшылық етіп отырған «Қызылорда та­за­лық» мекемесінің де біраз жетістіктерге жеткенін айтқан абзал. Атап айтар болсақ, мекемені заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен толықтырдық. Осының арқасында қаладағы жаяу жүргіншілер жолын, саябақтар мен көшелерді таза ұстайтын жағдайға жеттік. Ал бұрын мұндай жұмыстардың бар­лығын адамдар қолмен атқа­ратын еді,– дейді ол. Үміткер аймақтың эколо­гия­лық ахуалына баса назар аударатынын айтады. Қызылорда қаласын көркейту, көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру ба­ғы­тында арнайы бағдарлама да түзген. Сонымен қатар, Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVII съездінде партияның сайлауалды бағдарламасын айқындап бергенін, сол бойынша ауқымды жұмыс атқаруға бел шеше кірі­сетінін мәлім етті. Оның ішінде ха­лықты әлеуметтік жағынан қам­сыздандыру мәселесін не­гізгі бағыттарының бірі ретін­де қарастырып отыр. Халық­тың қолдауына ие болып, мәс­ли­хат депутаты болып сай­лан­ған жағдайда әлеуметтік мәселелердің орындалуы мен мем­лекет тарапынан жұртқа жаса­лып жатқан көмектің өз дәре­­же­сінде жетуін назарда ұста­мақ. Әсіресе, аз қамтылған отбасылар мен Ұлы Отан соғысының арда­герлеріне жасалатын қам­қорлықты көбейтуге күш салмақ. Қалалық мәслихаттың депутаты болуға тағы бір үміт­кер тіркелді. Ол – «Ақиқат нұры» қоғамдық бірлестігінің төраға­сы Маратбек Нұржанов. Үміткер №14 «Шұғыла» сайлау округі­нен саяси додаға түспек. Марат­бек Нұржанов сайлауалды бағ­дар­ламасында ұлттық құнды­лықтардың сақталуы, мәдени мұрамыздың насихатталуы секіл­ді, тағы да басқа мәселелерді қам­тығанын айтады. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан». ҚЫЗЫЛОРДА.