Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында, Құдайға шүкір, қазына-қариялар жетерлік. Араларында ұзақ жасап, ғасырдан астам ғұмыр кешкендері де бар. Жапонияда немесе Үндістанда ұзақ жасаған қариялар туралы оқып, біліп жатсақ, «Апыр-ай, ә» деп тамсанып жатамыз. Әйтсе де, өзіміздегі қарттар жөнінде тым сирек жазатынымыз рас.
Осы аудандағы Көлкент ауылында тұратын Айымкүл Дүйсебаева әжеміз бүгінде 111 жастан асып, аймақтағы ұзақ жасаушылардың көшін бастап тұр. Жібек жолы ауылында ғұмыр кешіп жатқан Жұмақыз Қыдырбаева әжеміз сәуір айында 103 жасқа толғалы отыр. Ал, ақсукенттік Тәжігүл Нышантаева әжеміз болса, 102-ге аяқ басты. Қарабұлақ ауылында тұратын Тоты Ниязова әжеміз де 100-ден асты. Бүгінде олардың үрім-бұтақтарының өзі бір қауым елге айналған.
Біз тек 100-ден асқан әжелерімізді ғана тілге тиек етіп отырмыз. Әйтпесе, Сайрам топырағында туып, 90 жасаған қазына-қариялар ондап саналады. Бір қызығы, осы ұзақ жасаған әжелеріміз наурыздың 20-сында өтетін Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға құштарлық танытып отырғандары кімді болмасын қызықтырары анық. Бұрынғылар «Күлсең, кәріге күл» деуші еді, ал әжелеріміздің бұл әрекеттері нағыз үлгі тұтатын қасиет емес пе?!
Ердәулет ТҰРАПБЕКҰЛЫ.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы.

60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
Ғылым • Бүгін, 16:03
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Медицина • Бүгін, 15:22
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Елімізде 14 мамандық мүлдем жойылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29