09 Ақпан, 2016

Түркістанда аталып өтілді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ғалым, білікті ұстаз, ақын, жазушы, драматург, әдеби аудармашы, ғұмырын Абай мұрасын зерттеуге арнаған, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, Қазақ КСР Гимнінің авторы, КСРО Жазу­шылар одағының мүшесі, Қа­зақстанның Мемлекеттік сый­лығының, Жазушылар одағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толып отыр. Осыған орай, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Сегіз қырлы, бір сырлы» көрмесінің тұсауын кесті. Көрмені «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы директоры Әубәкір Жандос Мағазбекұлы ашып, Қайым Мұхамедхановтың қазақ ғылымына қосқан сүбелі үлесіне тоқталды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың оқытушысы, ғалым Сапарбек Ергөбек Қайым Мұхамедхановтың ұлы ақын Абай әлемін зерттеудегі жанқиярлық еңбегіне айрықша тоқталды. Көрмені тамашалауға бұқ­ара­лық ақпарат құралдары, қала­дағы Этнопедагогикалық колледждің студенттері мен оқы­тушылары және №1 Ахмет Байтұрсынов атындағы қазақ орта мектебінің оқушылары қатысып, тағылымы мол шарадан әсерленіп тарқасты. «Егемен-ақпарат».