Халықты сапалы әрі қолжетімді бағадағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында Талдықорғандағы «Жерұйық» коммуналдық базарында жәрмеңке өтті. Оған облыс орталығына жақын орналасқан Ақсу, Сарқан, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандарының фермерлері 33 түрлі ет, сүт, балық секілді күнделікті сұранысқа ие сапалы өнімдерінен тұратын 55 тонна азық-түлік әкеліп сатты. Талдықорғандықтар қалыптасып алған бұл жәрмеңке соңғы жылдары апта сайын өткізіліп тұратындықтан қала халқы қашанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге разы. Бұл ықыласты ерте көктемнен қоңыр күзге дейінгі тынымсыз еңбектің жемісі деп бағалайтын шаруа адамдары еңбектерін еселей түсуде. Коммуналдық базарда тұтынушыға да, сатушыға да ыңғайлы, ең бастысы, өзара түсіністіктің бұзылмауын сақтау үшін дәлме-дәл өлшейтін таразы қойылған. Сондай-ақ, азық-түлік бағасы да жергілікті атқарушы биліктің бақылауына алынған. Негізі облыс орталығын айналдыра орныға бастаған әлеуметтік маңызы зор тауар белдеуін дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жанданып келе жатқаны мәлім. Оның сыртында коммуналдық базардың жабық сауда орындарынан тыс көгілдір отынмен жылытылып, қалыпты температураны сақтап тұратын жалпы сыйымдылығы 6000 тонна азық-түлік қоймасы бар. Алдағы уақытта макарон өнімдерін шығаратын , наубайхана және тағы да басқа азық-түлік өнімдерін қайта өңдейтін цех салынып, іске қосылатындығынан да «Жерұйық-Талдықорған» ЖШС директоры Ақшабай Керімбеков хабардар етті.
Қорыта айтқанда, аграрлы облыста өңір халқы сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағада сатып алып, тұтынатынына сенім мол.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
ТАЛДЫҚОРҒАН.

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05