Семейде әлеуметтік дүкен ашылды
Семей қаласында «Бәрі де ризашылық үшін» атауымен екі әлеуметтік дүкен ашылды. Дүкенге мұқтаж жандар келіп, өздеріне қажетті заттарды тегін алуына болады. Аталған орталықты құру идеясы «Халық сүйіктісі-2015» ұлттық сыйлығы байқауында ерекше аталып өтіп, үздік әлеуметтік бастама ретінде танылған болатын. Дүкен сөрелері қала тұрғындарының қайтарымсыз беретін тауарларының есебінен толығып отырады. Оның ішінде таза, тіпті мүлдем киілмеген киімдер, аяқ киімдер, балаларға арналған заттар, азық-түлік және басқа да тұтыну заттары бар. Заттарды қабылдау пункті қазір жұмыс істеп тұр.
– Бұл дүкен – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің көрсеткіші іспетті. Біз қайырымдылық істі қолдай отырып, шағын және орта кәсіпкерлік жетекшілерін әлеуметтік жағынан аз қамтылған халыққа қолдау көрсетуге шақырамыз, – деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Игорь Шацкий. Ол сондай-ақ, дүкенді тауармен қамтамасыз етіп, көмектерін ұсынған жекелеген кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Мәселен, әлеуметтік дүкенге «Ук Юнис» ЖШС жалпы сомасы 118,3 мың теңге тұратын 910 дана жаңа шұлық сыйлап, материалдық көмек көрсетсе, «Смок» базары 60 мың теңге көлемінде ойыншықтармен қамтамасыз етті.
Әлеуметтік дүкендерді құру идеясы негізінен қала қоғамына тиесілі. Белсенділердің бастамасы блогерлердің қызу қолдауына ие болып, үздік әлеуметтік бастама ретінде танылғаны мәлім.
– Бұл – жоғары марапат. Біздің жобамыз қала тұрғындарынан жақсы баға алып қана қоймай, мұқтаж жандарға шын мәнінде көмек көрсете алады деп ойлаймыз. «Бәрі де ризашылық үшін» дүкенінің қызметіне сәттілік тілейміз, – деді аталған шараны ұйымдастырушылардың бірі Людмила Михайлова.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
СЕМЕЙ.

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05