Облыс орталығындағы Гагарин көшесі, 76/3 мекенжайы бойынша тағы да бір көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұл жолы пәтерлердің кілттері бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлеріне табысталды. Тағы да дейтініміз, былтыр мысалы, «Қолжетімді баспана-2020» және Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында 9 тұрғын үйдің құрылысы басталып, 4-уі пайдалануға берілді. Жаңадан салынған биік үйдің қасынан 1200 орындық жаңа қазақ мектебі оқушыларға есік ашты. Ал, Гагарин көшесіндегі үйден 76 отбасы пәтер алды. Тұрғындарды облыс әкімі Қанат Бозымбаев қуаныштарымен құттықтады.
– Алдағы жылы облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында қазір құрылысы жүргізіліп жатқан көпқабатты 4 үйді қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз. Әр қазақстандық пәтерге қол жетуі үшін мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасалуда, – деді Қ. Бозымбаев.
Жарқыраған жақсы пәтерге қол жеткізген Шолпан Шәкенова баспана кезегінде 11 жыл тұрыпты. Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен үйге қолы жетіп, 2 бөлмелі пәтер алды. Жалға алу мерзімі 9 жыл.
Шолпан апайдан басқа тұрғындардың бір бөлігі мемлекеттік бағдарлама көмегімен баспананы жалға алса, енді бір бөлігі Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Дәрігер Радик Муфасалов баспананы жалға беру бағдарламасының болғаны жас отбасылар үшін жасалған мүмкіндік, дейді. «Біздер сияқты әр отбасының өз үйі болсын», – дейді пәтерге қолы жеткендер. Жаңа пәтер иелерін «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов та құттықтады.
– Облыс тұрғын үй құрылысы бойынша елімізде алда келеді. Банк салымшылары жинаған қаржысы нәтижесінде баспаналы болуда. Биік-биік үйлер тұрғызған құрылысшыларға, облыстық әкімдікке рахмет! – деді ол.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.
Суреттерді түсірген Валерий БУГАЕВ.

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05