Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ө.Шөкеев кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингті трансформациялау бағдарламасын және оның активтерін жекешелендіруді жүзеге асыру барысы туралы, сондай-ақ корпоративтік басқаруды жетілдіру шаралары жөнінде баяндады.
2015 жылы компанияның ағымдағы шығыстары 520 миллиард теңгеге қысқартылды, басымдығы жоқ бірқатар инвестициялық жобалар кейінге қалдырылды, соның арқасында 255 миллиард теңге үнемделді. Кредиторлармен келіссөздер нәтижесінде компаниялар тобының жалпы қарызы 7 миллиард долларға азайды.
Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру бағдарламасының маңыздылығын атап өтіп, осы үдерістің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету міндетін қойды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті әлемдік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан, холдинг әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, жаңа жұмыс орындарын ашылуы тиістігіне назар аударды.
Ө.Шөкеев өңірлердегі ірі жобаларға, соның ішінде Атырау облысындағы мұнай химиясы өнімдерін шығаратын кәсіпорын құрылысына, Жамбыл облысындағы каустикалық сода және глифосат өндіретін өндірістік кешенге, сондай-ақ, «Солтүстік – Шығыс» электр тарату желісінің құрылысына инвестиция салу көлемі ұлғайғаны туралы айтты.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Оқиға • Бүгін, 11:01
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:36
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Медицина • Бүгін, 10:33
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Тұлға • Бүгін, 10:30
Әлем • Бүгін, 10:25
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 10:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 10:11