Қазақстанның инженерлік әскерлер бөлімшелері мен құрылымдарына өте жауапты міндет жүктелген. Олар Құрлық әскерлерінің бөлімшелері мен жалпы әскери бөлімдеріне жауынгерлік іс-қимыл жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
«Инженерлік әскерлер бейбіт уақытта да өзіне міндеттелген сан алуан тапсырмалар кешенін іске асырады. Мәселен, эвакуациялау айла-тәсілдерін, шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдан өтуді жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, қозғалыс жолдарын инженерлік барлау, басқару бөлімдерін құруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, суды өңдеу мен тазарту арқылы әскерді қажетті су қорымен қамтамасыз етеді», – деп атап өтті ҚР ҚК ҚӘ ББ инженерлік әскерлер бастығы полковник Нұрлан Шаймахов.
Сондай-ақ, еліміздің барлық аймағында инженерлер жарылғыш заттарды табу, анықтау және жоюды қамтамасыз етеді.
Бүгінде инженерлік әскерлер инженерлік жарақтандыру құралдарымен және қажетті техникамен жабдықталған. Алда сапалы қайта жабдықтау жүргізіледі деп күтілуде. «2017-2018 жылдары Құрлық әскерлеріне қарайтын әскерлерді заманауи құралдармен және техникалармен қайта жабдықтау жоспарланған. Бұл жер қазатын инженерлік техника, мина жарғыш шептер орнату мен барлау жүргізу техникасы, фортификациялық жабдықтар, қорғаныс шептері, суды анықтау және тазартуды қамтамасыз ету құралдары», – дейді полковник Нұрлан Шаймахов.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Құрлық әскерлерінің құрамында саперлік бригадалар, жеке бөлімшелер, сондай-ақ, жалпы әскери бригадаға қарасты инженерлік бөлімшелер бар. Оның ішіне 68665 әскери бөлімінің инженерлік-саперлік ротасы кіреді. Басқа да инженерлік бөлімшелер сияқты аталған рота да ҚР ҚК ірі жауынгерлік жаттығуларына қатысады.
Инженерлер, қызметшілер мұнда өз шеберліктерін шыңдап, теориялық және тәжірибелік біліктіліктерін нығайтады.
Әскери мамандардың құрамы Құрлық әскерлері Әскери институтының және жоғары оқу орындарының әскери кафедраларының түлектерімен, 10228 әскери бөлімі кіші мамандарымен толығып отырады.
«Егемен-ақпарат».

Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai орталығына барды
Президент • Бүгін, 15:03
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы 4 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:51
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 14:46
Ел тұрғындарының жылдық шығыны 1,3 млн теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:32
Қазақстанда телефондарды тіркеу ережесі өзгереді
Оқиға • Бүгін, 14:16
Жасанды интеллект шамамен 4 миллион адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:03
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 13:37
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 13:03
Алматыдағыдан 3 есе қуатты: Бағдат Мусин Қазақстанның жаңа суперкомпьютері туралы айтты
Технология • Бүгін, 12:50
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 12:40
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Оқиға • Бүгін, 12:29
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:19
Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 12:13
Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05