немесе Мұхаммед пайғамбар туралы фильмнің тұсаукесері
Өткен аптада Мәскеуде парсы режиссері Маджид Маджидидің «Мұхаммед – Жаратқанның елшісі» деген фильмінің көрсетілімі болды. Пайғамбардың балалық шағын суреттейтін Иран кинематографиясы тарихындағы ең қымбат фильм «Каро 11 Октябрь» кинотеатрында қойылды. Оны көруге көптеген танымал жұлдыздар келді. Солардың арасында белгілі режиссер Никита Михалков та болды.
Соңынан журналистерге берген сұхбатында Ресей киносының мэтрі алған әсері өте күшті болғанын, тіпті көрсетілімнің кей тұстарында көзіне мөлтілдеп жас келіп қалғанын жасырмай айтып берді. Михалков ирандық режиссердің картинасын ғазал поэзияға теңеді, ал фильмнің өзі болса, «нағыз, таза исламға» үңілуге мүмкіндік әпереді.
Сонымен бірге, режиссер әйтеуір бір уақытта Иисус Христос туралы да осындай жақсы фильм түсіріліп қалатынына үміттенетінін жеткізді. «Шынымды айтсам, мен Христос туралы да осындай картина түсірілгенін армандаған болар едім», – деп мәлімдеді Михалков. Бірақ жауапкершілігі өте жоғары болғандықтан, бұл жұмысты өзі қолға алуға бата алмас еді.
Лентаның Мәскеудегі көрсетіліміне режиссер Маджид Маджидидің өзі де қатысты. «Өкінішке қарай, бұл дінге ешқандай қатыстары жоқ адамдардың азғындығынан соңғы кездері исламға деген нашар көзқарас қалыптасып отыр. Мен сондықтан өнер призмасы арқылы исламның шынайы кескін-келбеті мен нағыз мәнін көрсеткім келді», – деп түсіндірді ол өз ойын. Режиссер сондай-ақ картинаны негізінен батыс көрермендеріне бағыт ұстай отырып түсіргенін де жасырмады. Себебі, мұсылман емес қауым ақиқат исламның қандай екенін Мұхаммед пайғамбардың образы арқылы танып-білуге тиіс.
«Мұхаммед – Жаратқанның елшісі» – кинематография тарихында осы кезге дейін Пайғамбар туралы түсірілген екінші көркем фильм. Картина Мұхаммедтің балалық және жасөспірім шақтарынан сыр шертеді. Ол Алла елшісінің өмірі туралы трилогияның бірінші бөлігі болып табылады. Фильмді түсіруге 10 жыл уақыт және 50 млн. долларға жуық қаржы жұмсалған.
Руслан ИГІЛІК.

Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Оқиға • Бүгін, 11:01
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:36
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Медицина • Бүгін, 10:33
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Тұлға • Бүгін, 10:30
Әлем • Бүгін, 10:25
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 10:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 10:11