Енді екі күннен кейін Норвегияның Лиллехаммер қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ Қысқы Олимпия ойындарының алауы тұтанады. Соған орай кеше Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде дүбірлі додаға қатысатын қазақстандық делегацияны шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шараға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы отандық спорттың бүгінгі жай-күйі жөнінде сөз етіп: «Елбасының тікелей қамқорлығының арқасында Қазақстан спорты әлемдік аренадағы өзіндік орнын алды. Қазіргі таңда біздің спортшылар кез келген ірі жарысқа қатысып қана қоймай, тұрақты түрде жүлделі орындардан көрініп жүр. Ересектерімізден бөлек, жастар мен жасөспірімдер де жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Мұның бәрі еліміздің спорттағы жетістіктерін арттыру бағытында жасалып жатқан жұмыстардың жемісі», – деді. Сондай-ақ, ол жас спортшыларымыздың алдағы сыннан сүрінбей өтулеріне тілектестігін білдірді.
Өз кезегінде аталған министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов Қазақстан құрамасының бұл байрақты бәсекеге қатысу үшін спорттың 9 түрінен 20 жолдама жеңіп алғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, қазақстандықтар биатлон, коньки, шаңғы, тау шаңғысы, шана, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, фристайл (ски-кросс) және тұғырдан шаңғымен секіру спорт түрлерінен жүлдеге таласады.
Шара соңында А.Мұхамедиұлы Олимпиаданың ашылу салтанатында қазақстандық делегацияны бастап шығатын спортшы – шорт-тректен команда мүшесі Еркебұлан Шамұхановқа Мемлекеттік туды тапсырды.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы ІІ Қысқы Олимпиада 12-21 ақпан аралығында өтеді. Сайысқа әлемнің 70 елінен 1100-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олар спорттың 16 түрінен 70 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Жалпы, жасөспірімдердің Қысқы Олимпиадасы алғаш рет 2012 жылы Австрияның Инсбрук қаласында өткен болатын. Ол кезде Қазақстан спортшылары сайыстың 10 түрі бойынша сынға түсіп, бір – күміс және екі қола медальға қол жеткізді. Осы нәтижемен Қазақстан жалпыкомандалық есепте 23-орынға табан тіреген еді.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».
Астана.

Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі
Инновация • Бүгін, 12:05
Енді жасанды интеллект кәсіп ашуға тиімді орынды таңдап береді
Бизнес • Бүгін, 11:52
Алматыда операторларға залал келтірген қылмыстық топтың схемасы әшкере болды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:41
Жасанды интеллект арқылы Қазақстан шекарасынан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады
Инновация • Бүгін, 11:27
Израиль Ливанға әуеден шабуыл жасады
Әлем • Бүгін, 11:21
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Оқиға • Бүгін, 11:01
Қазақстанда дүлей дауылдан мектептер қирап, адамдар ауруханаға түсті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:36
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Медицина • Бүгін, 10:33
Замана дарабозы немесе Ахмет Жұбанов туралы үзік сыр
Тұлға • Бүгін, 10:30
Әлем • Бүгін, 10:25
Германияға бағытталған 260 мың тонна мұнай: Министрлік балама жолдарды бекітті
Экспорт • Бүгін, 10:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Оқиға • Бүгін, 10:11