10 Ақпан, 2016

Партиялық бақылау пәрменді болады

268 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Жергілікті полицияның жұмыс жасай бастағанына көп бола қойған жоқ. Дегенмен, жаңа құрылымдағы полиция қызметкерлерінің жұмысына «Нұр Отан» партиясы тарапынан бақылау жасаудың артықтығы болмайтын секілді. Бұған аталған партияның Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған медиатур барысында көз жеткіздік. Филиал төрағасының бірін­ші орынбасары Ерболат Бекте­мі­­ров бастаған топ алдымен тұр­­мыс­тық зорлық-зомбы­лыққа ұшы­раған әйелдерге көмек көр­сету орталығының бөлімше­сінде жұмыс барысымен таныс­ты. Бөлімше меңгерушісі Айбар­шын Иманғалиеваның пікірін­ше, 20 орынға лайықталған бөлім­ше­ге жергілікті полиция қызмет­кер­лерінің баянаты бойынша адамдар қабылданады. Өйткені, әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын тек полиция қызметкерлері ғана дәлелдегеннен кейін олар бұл бөлімшені зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үш айға паналай алады. Үш айдың ішінде оларды өмірге бейімдеу, құқық­тық сауаттылығын арттыру мақ­сатында заңгер, психолог, мед­бике секілді арнайы мамандар жұ­мыс жүргізеді. Қазір мұнда 3 әйел, 8 бала бар. Бір әйел жұмыс жасайды. 4 бала мектепке барады екен. «Біздің мақсатымыз осы бөлімшеге кел­ген әйелдердің отбасын сақ­тап қалуға жағдай жасау. Отба­сылық кикілжіңнің негізгі салдары 2012 жылдан бөлімшеге 101 адам­ның 53 пайызы отбасын сақ­тап қалды, 10 пайызы ажы­расты. Кейбіреулері күйеуінен ер­терек ажырасқанымен, өз туыс­қан­дарынан, дәлірек айтқанда, ата-анасынан, не ағасынан зорлық-зом­былыққа ұшырайтындары да бар», – дейді Айбаршын Иман­ғалиева. Бөлімшеге түрлі зорлыққа ұшырағандар келеді. Олардың арасында жеңіл, тіпті, ауыр жа­ра­қатпен келетіндер де кезде­сіпті. Дегенмен, мұндағы тұрғын­ның бірі – Е.Приданова. Оның тағдыры осы кезге дейін белгісіз болып келді. Тіпті, оны туыста­ры өмірден өттіге санап, құқық қор­ғау органдары арқылы тірі­лер санатынан шығарылып тасталған. Өйткені, ол азаматтық некедегі Н.Орловпен бірге шаруа қожалығының бірінде жұмыс жасап, туыстарынан хабар үзіп алған. Кейін олар тұратын баспана өртеніп, құжаттарынан айырылып қалған. Олардың екеуінде де, үш баласында да жеке басын куә­лан­дыратын құжаттары жоқ. Қазір Е.Приданова арнайы комис­сияның шешіміне сәйкес үш баласымен осында тұрып жатыр. «Нұр Отан» партиясының мүшелері бұдан соң тұрғылықты жері жоқтарды және әкімшілік жазаланғандарды қабылдау-тарату бөлімшесіне келді. Мұнда Атырау қалалық жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, негізінен таяу шетелдердің, соның ішінде, Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары көбірек түседі. Олар­дың көбі жұмыс бабымен келіп, құжаттарын жоғалтып алады. Мұндайлар полиция қыз­мет­керлерінің жедел-профилак­тикалық шарасы барысында анықталып жатады. Қазір атал­ған бөлімшеде 24 адам жатыр. Олардың дені Өзбекстан Респуб­ликасының азаматтары, арасында әйелдер де бар. Тіпті, жергілікті тұрғындар да кездеседі. Әрине, 24 адамның бәрі бірдей құжатын жоғалтқандар емес. Кейде әкімшілік соттың қаулысымен әкімшілік қамаққа алынғандар да осында жатады. Мәселен, былтыр мұнда 5 164 адам әкелінсе, тек биылғы қаңтарда ғана 422 адам «мекендеп» үлгерген. – Мақсатымыз – жергілікті полиция қызметіне пәрменді ба­қылау жасау. Сол себептен, жер­гілікті полицияға қарасты ны­сандарға рейд жасап, «тұрғын­дарының» ахуалын білу, сонымен бірге, осында жұмыс жасайтын мамандардың проблемалық мәселелеріне көз жеткізу. «Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта жергілікті поли­ция қызметінің жұмысы тиімді болуы үшін партиялық бақылау­ды күшейтеді. Мәслихат депутаттары алдында жергілікті полиция басшыларының есеп беруіне ықпал етеміз, – деді «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бектеміров. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.