Кеше Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде брифинг өткізіліп, онда «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысы бойынша өз сапарын бастайтыны айтылды. Комитеттің ресми өкілі Р.Ю.Иманқұлов және «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» АҚ басқарма төрағасы Ғ. Т.Әбділ-
манов осы сапардың мән-жайын түсіндірді.
Ақпанның 15-сі мен наурыздың 16-сы аралығында бір айды қамтитын сапар барысында пойыз Қарағанды облысының 19 стансасынан өтеді.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлесіп іске қосқан үш медициналық пойызының бірі.
«Медициналық пойыздар» жобасы – бұл шалғай елді мекендердің тұрғындарына жоғары санатты медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін, ел тарихындағы теңдесі жоқ әлеуметтік жоба. 2010 жылы «Денсаулық» пойызы «№1 әлеуметтік-жауапты жоба» ретінде «Жыл таңдауы – 2010» ұлттық сыйлығының және «Жылдың ең үздік әлеуметтік жобасы» – «Парыз» әлеуметтік жауапкершілік бизнес байқауының жеңімпазы атанып, жұртшылық құрметіне ие болды.
Медициналық пойыздар екі әлеуметтік маңызды міндетті шешуге, атап айтқанда, қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуге көмектеседі.
2010 жылдан бері «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары іске қосылды, олар шалғайдағы стансалар мен шағын бекеттерге қызмет көрсетеді. Пойыздар қажетті барлық диагностикалық аппаратуралармен жарақталған және жоғары білікті 20-ға жуық медициналық кадрлармен жасақталған. Сондай-ақ, медициналық мамандар құрамы біліктілігі бірінші санаттан кем емес дәрігерлермен және орта буын медициналық қызметкерлермен қамтылған.
2010 жылдан бері «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» үш консультативті-диагностикалық пойыздары 1 292 күн ішінде 137 482,5 шақырым жол жүріп, республика облыстарындағы 916 стансаның тұрғындары тексерілді.
Медициналық пойыздардың маңыздылығы жыл өткен сайын артпаса, азайған емес. Осы жолғы сапарда дәрігерлердің тәулігіне 150-200 адамнан қабылдай алатын қауқары бар.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53