Кеше футзалдан Еуропа чемпионатында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Испаниямен кездесті. Тартысты өткен матч қарсыластарымыздың пайдасына 5:3 есебімен аяқталды.
Кездесуге командамыздың көшбасшы ойыншысы, қақпашы Игита қатыса алмады. Оған алдыңғы ойындарда алған ескертулері себеп болды. Сондай-ақ, тағы бір негізгі ойыншымыз Шыңғыс Есенаманов та жарақаты салдарынан кездесуді алаң жиегінен тамашалауға мәжбүр болды. Соған орай құраманың бас жаттықтырушысы Какау қақпа кілтін Григорий Шомроға сеніп тапсырды. Ол да Игита сияқты қажет кезде қақпасын тастап шығып, шабуылдағы әріптестеріне көмектескенімен, ойынға айтарлықтай қан жүгірте алмады.
Жалпы, Игита мен Есенамановтың алаңда жоқтығы матч барысында айқын сезілді. Әйтсе де, командамыздың ойынына жоғары баға бергеніміз жөн. Себебі, құрлықтың алты дүркін чемпионы деген атағы бар азулы қарсыласқа біздің жігіттер лайықты қарсылық көрсетті. Тіпті, алғашқы минуттардан бастап алға ұмтылып, бірінші болып гол соққан Қазақстан еуропалықтарға еріксіз бай шайқатты. Атап айтқанда, кездесудің 4-минутында ұрымтал сәтті мүлт жібермеген Александр Довгань есеп ашты.
Алайда, жерлестеріміз бұл басымдықты ұзақ ұстап тұра алмады. Испандар 8-минутта Бебенің көмегімен таразы басын теңестіріп кетті. Осыдан кейін ойын тең жағдайда өрбіп, қос команда алма-кезек шабуылдар ұйымдастырды. Ал үзіліске 3 минут уақыт қалғанда қарсыластарымыз қарқынын күшейтіп, бас-аяғы бірер минуттың ішінде екі гол соғып кетті. Алдымен 17-минутта Мигелина мергендігімен көзге түссе, араға бір минут салып Рауль Кампос есепті 3:1-ге жеткізді.
Екінші тайм Қазақстанның шабуылымен басталды. Дегенмен, Лео мен Серік Жаманқұлов ұйымдастырған бұл шабуыл аяқсыз қалды. Өз кезегінде испандар берілген мүмкіндікті құр жібермей, Алекс 26-минутта командасының төртінші добын енгізді.
Ірі есепке қарамастан, біздің жігіттер шабуылдарын жалғастыра берді. Сауатты қимылдаған олар есеп айырмасын бір допқа дейін қысқартқан болатын. Нақты айтсақ, 36-минутта Михаил Першин нәтижелі соққы жасады. Ал арада екі минут өткенде Серік Жаманқұлов чемпионаттағы бесінші голын соғып, отандық жанкүйерлерге үміт сыйлады. Бірақ, біздің көңілімізді соңғы минуттағы Кампостың голы су сепкендей басып тастады.
Осылайша, турнирге алғаш рет қатысып, жартылай финалға дейін жеткен Қазақстанды азулы Испания ғана тоқтата алды. Енді отандастарымыз алаң иесі Сербиямен қола жүлдеге таласады. Ал испандар финалда Ресеймен чемпиондық атақты сарапқа салады. Бұл ойындар бүгін ойналады.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53