17 Ақпан, 2016

Мүшәйра

788 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елордада «Азаттық аясында» атты республикалық жыр бәйгесі өткізіледі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы осымен алтыншы рет өткізіп отырған дәстүрлі мү­шәйра еліміздің арқалы ақын­дарын тағы да аламан жыр додасында өз бақтарын сы­науға шақырады. Бұл жолғы мүшәй­раның алтын қазығы, жыр арқауы – Тәуелсіздік! Егемендігіне 25 жыл толғалы отырған қазақ хал­қының бұдан асқақ, бұдан киелі, бұдан қасиетті мерекесі бар ма?! Азаттық аясында Қазақ елі қанатын кең­ге жайған ширек ғасыр ішінде қаншама жетіс­тіктерге жеттік. Астана салынды, ел іргесі бекіді. Нарақтың қиын кезеңдерінен өттік. Тағы да дағдарыспен бетпе-бет келіп отырмыз. Ел болып жұ­мылып, ел ырысын молайтып бұл қиын-қыстау асудан да асармыз. Түйіндеп айтқанда, мүшәйраның басты мақсаты – еркін елдің бүгінгі ажары мен ертеңгі жарқын келешегін, ке­ше­гі алапат күресін тебірене жырға қосу, қа­зақ жырының қоржынына қомақты олжа салу. Ақындарымыз «Мәңгілік Ел» болуға талпынған Ұлы Даланың тарихи тұлғаларын ел басынан өткен ұлы оқиғалармен ұш­тастыра отырып, ірі шығар­малар тудырса деген тілегіміз бар. Тақырып аясы барынша кең. Келістіре жырлап, көр­кем шығарма тудыру әр ақын­ның өз шабытына, шама-шар­қына байланысты. Ендеше, маң­дайы жарқыраған жұлдызды жүй­ріктерді жыр мәресінде күтеміз! Бірінші орын – біреу. 1 млн. 500 мың теңге. Екінші орын – екеу. 1 млн. теңгеден. Үшінші орын – екеу. 500 мың теңгеден. Ынта­ландыру сыйлығы – үшеу. 150 мың теңгеден. Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген поэмалар, толғаулар, топтама өлеңдер 2016 жылғы 10 маусымға дейін қабылданады. Мүшәйра қорытындысы Ас­тана күні қар­саңында жарияланып, марапаттау рәсімі өтеді. Үміткерлер шығармасын ком­пьютерде теріп, 5 данасын төмендегі мекенжайға жіберуі керек немесе astanakalamger@mail.ru электронды поштаға жолдауға болады. Автордың аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық пош­тасы (бар болса) міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Индекс: 010000, Астана қа­ласы, М.Әуезов көшесі 20 «а» үй, Сәкен Сейфуллин мұра­жайы. Тел.: 8(7172)32-84-67, 53-34-03. Жүлдегерлердің Астанаға келіп-кетудегі барлық шығынын ұйымдастырушы тарап мойнына алмайды. Серікхан САБЫРБЕКОВ, мүшәйраны ұйымдастыру алқасының жауапты хатшысы.  АСТАНА.