17 Ақпан, 2016

Ел мүддесіне қызмет ету жауапкершілігі

248 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
100-590«Нұр Отан» партиясы Көк­шетау қалалық филиалын­да «Партиялық мониторинг» партиялық акциясы өткі­зілді. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қала­лық филиалының төр­аға­сы, Көкшетау қаласы­ның әкі­мі Ермек Маржық­паев, пар­тия­ның Көкше­тау қалалық филиалы Сая­си кеңесінің бюро мү­шеле­рі, бастауыш партия ұйым­­дарының төрағалары, пар­тия­ның облыстық және қала­­лық филиалдарының қыз­мет­керлері қатысты. Е.Маржықпаев баяндамасында бүгінгі таңда Елбасы тапсырмасымен аймақта әкімдердің есеп беру кездесулері өткізілгені туралы хабардар етті. Ол есеп беру кездесулері сындарлы үнқатысу негізінде тұрғындардың өзекті мәселелерін айқындап беретін маңызды құрал, деп атап көрсетті. Е.Маржықпаев өз сөзінде Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы негізгі көрсеткіштеріне де тоқталды. Барлық салалардағы оңтайлы өзгерістерден хабардар еткен ол өзекті мәселелерді де ортаға салып, партия белсенділерін алға қойылған мақсаттармен таныстырды. Оның бастылары – «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағ­дар­ламалық мақаласы және «Нұр Отан» партиясының съезінде Елба­сы алға тартқан стратегиялық тапсыр­маларды орындау болып табы­лады. Сонымен қатар, ол қала тұрғын­дарын толғандыратын кез келген мәселеге талдау жасалып, нақты шешімдер қабылданатынын және бұл жайт нұротандықтардың айрықша бақылауында болатынын айтты. Кездесуде «Нұр Отан» партия­сы Көкшетау қалалық филиалы жанындағы партиялық мониторинг тобының төрағасы Асқар Ақбаров сөз сөйледі. Ол: «Партиялық мониторинг» партиялық жобасы – барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар тарапынан көтерілетін көкейкесті мәселелерді шешуде партиялық ықпал мен көмекті күшейту болып табылады. Бұл ретте ешбір сұрақ ескерусіз қалмайды. Партияның тұрғындардың сұрақтарын шешуде қажетті әлеуеті мен жұмыс тәсілдері бар. Сонымен қатар, азаматтар үшін партияның іс барысындағы қоғамдық қабылдаулары да зор жәрдем мен демеу көрсететін тірек», – деп атап көрсетті. Көкшетау қаласының әкімі, «Нұр Отан» партиясы қа­лалық филиалының төрағасы Е.Мар­жықпаев кездесуге қатысушылардың бір­қатар сұрақтарына жауап қай­тарып, қазіргі күрделі кезеңде Елбасы Жолдауында міндеттел­ген­дей, қоғамдық өмірдегі партия­лық ықпалды барынша арттыру қа­жеттігін алға тартты. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».  Ақмола облысы.