01 Қаңтар, 2011

Жас отбасыларға – жеке пәтер

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа жыл алдында Нұра ауда­ны­ның орталығы Киевка кентінің бір топ  жас отбасылары үлкен қуа­нышқа бөленді. Олар 18 пә­тер­лі 2 қабатты тұрғын үйге қо­ныс­танды. Баспаналы болғандар Астанадағы, Ал­ма­тыдағы, Қа­ра­ған­дыдағы  жо­ға­ры оқу орын­да­рын бітіріп,  өз тілектерімен ең­бек жо­лын бастауға келген мамандар. Балалар дәрігері Владимир Омельченко, мұғалім  Берік Тиш­­мағамбетов отба­сылары со­лар­дың бірі ретінде пәтер кілтттерін иеленді. Бұл Киевкада  соңғы үш жыл­да пайдалануға берілген  үшінші тұрғын үй. Келесі жылы қатарға қосылғалы тұрғандары да бар. Айқын НЕСІПБАЙ. Қарағанды облысы, Нұра ауданы.