Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің ұйымдастыруы бойынша Инвестициялар және даму министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді. Іс-шараға Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары, Ұлттық экономика министрлігінің, «Кaznex Invest» және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында өңдеуші өнеркәсіпке стратегиялық инвесторларды тарту, экономиканың басымдыққа ие секторларында бірлескен кәсіпорындарды құру, тауарлардың экспортын құру және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуы үшін өңдеуші секторға кемінде оншақты трансұлттық компанияны тарту жөніндегі бағыттарды айқындады. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан халқына Жолдауында экономикаға инвестициялар көлемін жыл сайын ұлғайту, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде кемінде 100 миллиард АҚШ доллары көлемінде ұлғайту жөнінде міндет қойды», деп атап өтті.
Төраға орынбасары Парламенттің бұл тапсырмаларды іске асыру бойынша инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған тиісті заңнамалық актілер қабылдағанын, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау жөніндегі бірқатар халықаралық келісімдер ратификацияланғанын айтты. «Инвесторлар тарапынан Қазақстанға қызығушылық арта түсуде. Соңғы он жылда жалпы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 219 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл жетістіктерге қол жеткізуге терең ойластырылып құрылған мемлекеттік саясат та ықпал етті», деді А.Бейсенбаев.
Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев өз баяндамасында ағымдағы жағдайға талдау жасай келе, Президенттің жаңа инвестициялық саясатының жариялануы аясында инвесторлармен жұмыс тәсілдерінің өзгергенін атап өтті. Қойылған міндеттерге сәйкес, мемлекет бюджеттік салымдардан алшақтап, жеке инвестицияларды тарту, сондай-ақ, мемлекет-жекеменшік серіктестігі тетіктерін дамыту жағына көбірек назар аударатын болады.
А.Исекешев атап өткендей, бұдан әрі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарымен инвестициялық климатты жақсарту басты бағыт болып табылады. Инвестициялық климатты жақсарту үшін салық және сот әкімшілігін жақсартуға, инвесторлар үшін миграциялық мәселелерді оңайлатуға, әкімшілік кедергілерді одан әрі азайтуға бағытталған егжей-тегжейлі жоспар жасалған.
Кездесу барысында министрге еркін жаңа өнімдер нарығының мониторингі мәселелері, еркін экономикалық аймақтардың тиімділігі және шетелдік жұмыс күшін тарту, «Doing Business» рейтингінде, Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық индексінде Қазақстанның позициясын жақсарту перспективалары туралы сауалдар қойылды. Сенаторлар Ертарғын Астаев, Сергей Ершов, Лаззат Тұрлашов және басқа да пікірталасқа қатысушылар инвестициялық климатты жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныстар айтты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
• 19 Ақпан, 2016
Инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері талқыланды

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28
Қаржы • Бүгін, 09:21
Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше