20 Ақпан, 2016

Өнерлі өрендер

1 мин
оқу үшін
Үстіміздегі жылы он жетінші рет өткізілетін «Айналайын-2016» жас таланттар конкурс-фестиваліне облыс балалары арасындағы ірік­теу туры мәреге жетті. Жыл сайын республикалық байқаудың өрі­сі кеңейіп, қатысушылардың қатары көбейіп келе жатқаны оның нағыз өнер додасына айналға­нын аңғартады. Биылғы іріктеуге облыс­тың шалғайдағы Шалқар, Бай­ғанин, Ойыл, Хромтау сияқты алыс аудандарынан және қала мектептерінен үмітін үкілеген 500-ге жуық бала өтініш берген екен. Вокал, хорео­графия, театр, аспаптық, бейне­леу өнері, сән­­дік қолданбалы өнер аталымы бойынша сыннан сүрінбей өткен 262 бала байқауға жолда­ма алды. «Айналайын -2016» фестивалі үстіміздегі жылғы 26-28 наурыз аралығында Еуразиялық топтың құрамына кіретін «Қаз­хром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақ­төбе фер­роқорытпа зауытының Ме­тал­лург­­тер мәдениет үйінде өтеді. Оған «Қазхромның» филиалдары – Павлодар қаласындағы Ақсу фер­­роқорытпа, Ақтөбедегі Ақ­төбе фер­роқорытпа зауыттарынан және Қарағандыдағы «Қаз­марганец» кен басқармасынан балалар қатысып, бақ сынайды. – «Айналайын-2016» кон­курс-фестивалінің іріктеу турына қа­тысқан жас таланттардың өнер­ле­рін білікті мамандар баға­­лап, келесі кезеңге жолдама берді. Өнер додасының ақтық сынында нағыз мықтылар анықталатын болады, – дейді Металлургтер мә­­­дениет үйінің әдіскері Айнұр Кыстаубаева. «Жүзден жүйрік, мың­­­нан тұлпарды» анықтайтын сәт те алыс емес. Бұл жолы да өнерімен өрге жүзген өрендердің бағы жанатынына сенім мол. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.
Соңғы жаңалықтар

Digital: дәуір дидары

Digital • Бүгін, 08:20

Әр операция – бір тағдыр

Маман • Бүгін, 08:15

Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?

Сараптама • Бүгін, 08:10

Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07

Атына заты сай кәсіпорын

Өндіріс • Бүгін, 08:00