23 Ақпан, 2016

Үгіт жұмысынан үміт үлкен

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздегі саяси партиялар сайлау науқанының екінші кезеңі – үгіт-насихат жұмыстарына да жан-жақты дайындалып келді деп санаймын. Өйткені, өздерінің сайлауалды тұғырнамаларын әр қырынан сапалы етіп әзірлегені айқын көрінеді. Сондықтан, осы кезеңнің де тығыз әрі қызықты өтетініне еш күмән жоқ. Тұтастай алғанда, менің алдағы Парламент Мә­жілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау Қазақ­станды әрі қарай жаңғыртудың факторы қызметін атқа­рады деп қорытынды жасауыма алғышарт жеткілікті. Юрий БУЛУКТАЕВ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері.