23 Ақпан, 2016

Қарағанды облысында қылмыстық топ қолға түсті

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-02-2016 esirtkiҚАРАҒАНДЫ. 23 ақпан. Қарағанды облысының тәртіп сақшылары Теміртау қаласында есірткі сатумен айналысып жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Теміртаудың 49 жастағы тұрғыны құрған қылмыстық топ ұзақ уақыттан бері ұйымдасқан түрде аса сақтықпен әрекет етіп келген. Сатып алушылар ақшаны бөгде біреулердің атына ашылған карт-шоттарға аударғаннан кейін, есірткінің қай жерде жасырылғаны туралы хабарды ұялы телефон, хабарламалар арқылы алып жүрген. Қазіргі таңда қылмыстық топтың құрамындағы сегіз күдікті түгелдей қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.