АСТАНА. 23 ақпан. Қазақстанда жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу уақыты 6 айға дейін ұзартылады. Бұл туралы NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов кәсіпорындарда қысқартуға байланысты жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлемдер беру мерзімі жарты жылға дейін созылғанын мәлімдеді.
Бүгін Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Халықты жұмыспен қамту туралы» заң жобасы қаралған болатын. Жиын барысында Біржан Нұрымбетов қысқартуға орай жұмыссыз қалған тұлғаларға қатысты заңға өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Осылайша жәрдемақы төлеу мерзімі 4 айдан 6 айға дейін ұзартылды.
Вице-министр жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру қорына 5 пайыз көлемінде әлеуметтік төлем жіберетінін, ал жұмысшының осы жүйенің қатысушысы екенін түсіндіріп өтті.
«Бізде жұмыссыздарды тіркеу тәртібі аз-кем өзгертілді. Алдымен оны жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде есепке алып, 10 күн көлемінде оған жұмыс іздейміз. Егер жұмыс табылмаса, оны жұмыссыз ретінде тіркеуге аламыз. Жұмыспен қамту органдары жұмыссыз азаматтарға бос орындарға жолдама береді, ол сол жаққа барып, әңгімелесуден өту керек», – деп түсіндірді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.
Оның сөзіне қарағанда, қалада тұратын жұмыссыз әр 10 күн сайын жұмыспен қамту орталығына келіп, өзінің жұмыс іздеп жүргені туралы хабардар етіп отыруы керек. Ал ауылды жерлерде жұмыс іздегендер айына бір рет ауыл әкімінің алдына баруы қажет.
Еламан Қоңыр.
Дерек: NewTimes.kz.
Сурет: ya2016.com.
• 23 Ақпан, 2016
Елімізде жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу мерзімі 6 айға дейін ұзартылады

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48