АСТАНА. 23 ақпан. Әр қазақстандықтың болашақ зейнетақысы 15 пайызға өсті. Бұл туралы almaty.tv сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қазақстандықтар 5 триллионнан аса теңге зейнетақы жинақтады. Ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық кірісі 760 миллиард теңге болды. Инвестициялауға арналған жүздеген миллиард теңге салымшыларға бөлініп берілді, осындай жолмен әр қазақстандықтың болашақ зейнетақысы 15 пайызға өсті. Зейнетақы активтерін біріктіру, сонымен қатар теңге бағамына енгізілген түзетулер мен қордың теңгенің бір бөлігін шетелдік валютамен ұстап отыруының арқасында пайда түсірді.
«Зейнетақы активтерінің жұмысынан күнделікті табылатын инвестициялық кіріс, қазір бар жинақталған сомамен теңдей дәрежеде күн сайын әр салымшылардың есепшотына бөлінеді. Сіздер зейнетақы жарнасын неғұрлым көбірек төлеген сайын, жинақталған сомаларыңыз жоғары болса, соғұрлым инвестициялық кіріс сонымен тең дәрежеде есепшоттарыңызға аударылып отырады», – деді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Руслан Ерденаев.
Қазір Қазақстан ынтымақтастық зейнетақы жүйесінен жинақтауыштық жүйеге өтіп жатыр. Яғни 2020 жылдан бастап, жасы жеткендердің зейнетақысы өзінің қаншалықты аударғанына байланысты болады. Егер осы аралықта жинақтайтыны жеткіліксіз болса, өз еркімен қосымша есепшот ашып, сонда қаражат аударып отыруына мүмкіндік бар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арнайы есеп жүргізді: 30-40 жыл бойы тұрақты түрде ақша салып отырса, онда еліміз бойынша зейнетақы шамамен орташа айлықтың 40 пайызын құрамақ. Қаңтар айында ол 127 мыңға жетуі мүмкін.
Аян Әбдуәли.
Дерек: almaty.tv.
Сурет: azattyq.org.
• 23 Ақпан, 2016
Әр қазақстандықтың болашақ зейнетақысы 15 пайызға өсті

Ауа райы • Бүгін, 17:55
Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:28
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Бүгін, 16:58
Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 16:42
Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды
Қоғам • Бүгін, 16:17
Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты
Спорт • Бүгін, 15:59
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Бүгін, 15:35
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:29
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Бүгін, 14:06
Теміржолшыларға баспана: «ҚТЖ» мен «Отбасы банк» жаңа жобаны іске қосты
Қоғам • Бүгін, 13:32
Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды
Оқиға • Бүгін, 13:09
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48