«Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты кезінде кәсіпорында жұмыс істеген еңбек ардагерлерін ұмытпайды, олардың мерейтойларын атап өтуді дәстүрге айналдырып келеді. Қашанда қарттарға құрмет көрсетуді алғы кезекке қоятын іргелі кәсіпорын Қаратаудай қазыналы, Алатаудай асқақ рухты қарттарына сый-сияпат жасауды биыл да естен шығармады. Ардагерлер кеңесінде есепте тұрған 710 зейнеткердің бәріне де сыйлық таратылды.
Ал, кәсіпорын ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамансары Мақашев, Металлургтер мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Татьяна Карант және цехаралық көркемөнерпаздар байқауының жеңімпазы, №1 балқыту цехының балқытушысы Ғанибек Есенжолов, зауыт зейнеткерлері Зинаида Чугуева, Қуандық Калышев бастаған өнерлі топ тағдыр тәлкегімен қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде тұрып жатқан зауыттың байырғы жұмысшылары Юсиф Сташакты – 80 жылдық, Лилия Оканьды 75 жылдық мерейтойларымен және жаңа жыл мерекесімен арнайы құттықтап барды. Металлургтердің ыстық ықыласы мен ізгі ниетін жеткізген Жамансары Мақашевқа қариялар шексіз ризашылығын білдірді.
– Бүгінгі таңда зауыт ардагерлер кеңесінің құрамында 700-ден астам зейнеткерлер есепте тұрады. Бұл өз алдына үлкен бір ұжым болып саналады. Сондықтан да зейнеткерлердің де өз мәселелері, мұқтаждары бар. Олармен жұмысты ұйымдастыру үшін ардагерлер кеңесі тығыз байланыста. Қарттардың күнделікті тұрмыста кездесіп отыратын мәселелерін шешу барысында кеңестің орны ерекше. Біздің басты міндеттеріміздің бірі қарияларымыздың қамсыз қарттықты бастан өткеру үшін барлық жағдайды жасау болып табылады. Жасап та келеміз. Әсіресе, қарттар үйіндегі қамкөңіл ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың қоғам өмірінен шет қалмауын қадағалап отырамыз. Бүгінгі басқосу осының дәлелі. Белгілі бір себептермен өздерінің қарттық күндерін отбасымен емес қарттар үйін қара шаңыраққа айналдырып, осы жерден пана тапқан зейнеткерлеріміздің өмірі бізді алаңдатпай қоймайды. Оларға барынша қамқор болып, құрмет көрсету біздің парызымыз. Осыны ұрпақ санасына сіңіріп өсу қажет деп есептеймін, – дейді ардагерлер кеңесінің төрағасы.
– Мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытында еңбек еткенімді әлі күнге дейін мақтанышпен еске алып отырамын. Металлургтер әрдайым қарттарына қамқор болып жүреді және өздерінің зейнеткерлерін ешқашан естен шығармайды. Ал, бүгінгі күн мен үшін есте қаларлық, қуанышты күн болды десем артық болмас. Өйткені, менің әріптестерім, сүйікті зауыт ұжымы маған тосын сый жасап, 80 жылдық мерейтойыммен құттықтап мерейімді бір асырып тастады. Ал, достарым да осы қуанышты сәтте бірге болуға жұмыстарын тастап осында келіп отыр, – деді Юсиф Сташак қуанышын жасыра алмай.
Қарттар үйінің тұрғындарын, сондай-ақ, Юсиф атай пен Лилия апайды мерейтойларымен құттықтай келген өнерпаз металлургтер әннен шашу шашып, күмбірлетіп күй тартып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Зинаида Чугуеваның орындауындағы «Заводской проходной» әнін бірге шырқап қариялар зауыттағы еңбек белестерін, қызықты, қуанышты күндерін бір сәтке ой елегінен өткізіп, жалындаған жастық шақтарын еске алып бір жасап қалды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе.

IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05
Қазақстанда бірыңғай QR-төлем жүйесі қашан іске қосылады?
Қоғам • Бүгін, 12:02
Түркістанда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:56
Таиланд визасыз режимді неге 30 күнге дейін қысқартты?
Әлем • Бүгін, 11:35
Елімізде электронды кітапхананы пайдаланғандар саны 3,6 миллионнан асты
Кітапхана • Бүгін, 11:24
Чехия мен ОАР плей-офф жолдамасы үшін шешуші матч өткізеді
Футбол • Бүгін, 11:06
Балаларға ата-анасының тегі қатар берілуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:52
ҚазҰУ-да «Quantum AI» − кванттық компьютерлер зертханасы ашылды
Технология • Бүгін, 10:44
Алматы облысында 251 млн теңге субсидия жымқырғандарға сот үкімі шықты
Жемқорлық • Бүгін, 10:43
«Челсиге» ауысқан Дастан Сәтпаевтың орнын кім басады?
Футбол • Бүгін, 10:33
Гана Панама құрамасын соңғы минутта жеңіп кетті
Футбол • Бүгін, 10:28
АҚШ пен Иран меморандумға қол қойды
Әлем • Бүгін, 10:10
Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды
Футбол • Бүгін, 10:04
Англия құрамасы Хорватиядан басым түсті
Футбол • Бүгін, 10:00
Алматыда дәрігерлер карусельден құлаған 9 жастағы баланың өмірін аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 09:53