26 Ақпан, 2016

Дайындық барысы дәйім назарда

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-02-02.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысы талқыланды. Қазақстан Президенті В.Лос­сер­талеске алдағы іс-шараны ұйымдастыру мәсе­лелеріне ұдайы көңіл бөліп отыр­ғаны үшін алғыс айтты. – Сіздің келуіңіздің және жұмы­сы­мызға баға беруіңіздің біз үшін маңызы зор. Мен құрылыс пен дайындық барысын үнемі қадағалап отырмын, жұмыс кестесінен кешеуілдеу жоқ. Қазір көрме нысандарын мазмұндық тұрғыдан жаб­дықтау алдыңғы орынға шықты. Құрылыс жұмыстарын жыл аяғына дейін бітіріп, тікелей ЭКСПО-2017 көр­­месін өткізуге дайындықты бастау мін­деті қойылып отыр, – деді Мемлекет басшысы. В.Лоссерталес дайындық жұ­мыс­тары барысымен танысып, ЭКСПО-2017 көрмесінің халықаралық қатысушыларының жиналысына қатысу үшін келгенін айтты. – Құрылыс алаңын көргеннен кейін­гі керемет әсерімді Сізге жеткізгеніме қуаныштымын. Архитектуралық көз­қарас тұрғысынан барлық ғимарат­тар үйлесімді, ал функциялық тұрғыдан бәрі ойластырылған әрі ыңғайлы салынуда. Құрылыс кідіріссіз, тіпті, кес­теден оза жүргізіліп жатыр. Негіз­гі мазмұндық жабдықтау бағ­дар­лама­сы өте салиқалы әрі айқын, енді па­вильондардың ішкі сапалық мазмұны оған жауапты компанияларға байланысты, – деді Халықаралық көр­мелер бюросының бас хатшысы Висен­те Лос­серталес. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.