26 Ақпан, 2016

Үміткерлер арасында түрлі ұлт өкілдері бар

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыстық сайлау комис­сиясының хабарына қарағанда, биылғы сайлауда депутат болғысы келетін үміткерлердің қатарында жастар көп. Мысалы, облыстық мәслихат депутаттығынан үміткердің орта жасы 46 болса, қалалық және аудандық мәслихаттарда 42 жасты құрапты. 470 үміткердің жоғары білімі, 131-інің арнайы орта білімі бар. Ал 36 үміткер орта мектеп бітірген. Үміткерлердің 198-і әйел, 439-ы ер адамдар. Мәслихаттардағы орындар үшін қазақ, орыс, украин, неміс, белорус, молдаван, чешен, әзербайжан, башқұрт, армян, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, корей ұлтының өкілдері сынға түспек көрінеді. – Үміткерлердің арасында мұғалім, инженер, энергетик, механик, байланысшы, құрылысшы, қаржы-экономика саласының қызметкерлері, кооперативтер мен шаруа қожалықтарының өкілдері, дәрігерлер мен заңгерлер, мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, коммерциялық құрылымдар өкілдері, әкімдік аппараты мен мәслихат қызметкерлері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бар. Сондай-ақ, бір зейнеткер мен уақытша жұмыссыз екі адам да депутаттықтан үмітті, – дейді сайлау комиссиясының хатшысы Әлия Сабырханова. ПАВЛОДАР.