26 Ақпан, 2016

Сағыздың қалдығы

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
көптен бергі күдікті сейілтті Қытайдың Ухань қаласының тұрғыны ұлының өзінен туға­нына күмән келтірген ер кісі оның тегін дәл анықтау үшін кәдімгі ауызға салып, шайнайтын сағыздың көмегіне жүгініпті. Бұл кәріпті бұған мәжбүр еткен ұлы мен екеуінің дене бітімдері екі түрлі болып шыққаны екен. Осы күндері жасы 18-ге толып, соқталдай жігіт болып қал­ған бозбаланың бойы сырық­тай сызылып өсіп кетіпті. Оның үс­тіне жауырыны да қақпақтай болатын түрі бар. Сымдай тар­тылған жас жігіттің түрі де келбетті болса керек. Ал алаң көңіл әкесі бар болғыр со­ның жар­тысынан сәл асатындай қортық біреу көрінеді. Содан кейін күдік шақырмай көре гөр. «Бала – әкеге күмән, шешеге – аян» деген сөз бар ғой. Ен­ді баласының бағанадай болған бойына қарап, жаны шыр­­қыраған әке бір күні әйелі мен баласының пайдаланған са­ғыздарының қалдықтарын жи­нап алып, қаладағы ДНК-ны тексеретін зертханаға келіпті. Сол жерде барлық құпияны сақтай отырып, ұлының кімнен туғанын анықтап беруді өтінеді. Ал лабораториялық зерттеулер арқылы анықталған тиісті белгілер өтініш жасаушы кісінің әйелі күйеуіне бұл жөнінен адал болғанын толық көрсетіп берген. Зертхана ұлының бойы ұзын, денесі үлкен болуын оның жақсы тамақтанатынымен, спортпен ұдайы шұғылданатынымен, саламатты өмір салтын ұс­тана­тынымен және қазіргі заманғы акселерация қарқы­нымен байланыстырыпты. Мұрат АЙТҚОЖА.