беру жүйесі қалпына келтірілді
Жыл басында өскемендік тұрғындардың дәріханалардан тегін алып тұратын дәрі-дәрмегі тоқтап қалған еді. Жүрек-қан талмасымен, демікпемен ауыратын науқастар тегін дәрі алып тұратыны белгілі. Тіпті, кейбір тұрғындар қатерлі ісікке қарсы әлеуметтік препараттардың мүлдем тоқтап қалғанына байланысты дәрілерді жеке қаржысына сатып ала бастағанын жеткізген. Фармацевтер арнайы жеңілдікпен берілетін дәрілерді тасымалдауға арналған тендердің әлі өткізілмегенін айтып, алаңдаған адамдардың көңілін аулаған болатын. Екі айға жуық уақыт өткенде, облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрі-дәрмек мәселесі шешілгенін жеткізді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Вадим Овсянниковтың айтуынша, ағымдағы жылдың 24 ақпанынан бастап бұл мәселелерге нүкте қойылды. Дәрілер дәріханаларға жеткізіле бастады. Кейбір жерлердегі дәрілердің жетіспеушілігі немесе мүлдем жоқтығы, аталған жұмысқа жаңадан қосылған тасымалдаушылардың себебінен болуы мүмкін. Сондай-ақ, тіркеуде тұрған науқастардың арасында препараттарды алу үшін дәрігердің дәрі алуға беретін рұқсатнама қағазын тендерден кейін қайта алу туралы да сыбыс тараған-ды. Мұны тиісті мекеме жоққа шығарды.
– Тендер 15 ақпанда өткізілді. Дәрі алуға берілетін рұқсат қағаздың уақыты бойынша ешқандай шектеу жоқ. Яғни, қағаздың емделушіге қай уақытта берілгені маңызды емес. Дәріханадағы дәрі кез келген жағдайда берілуі тиіс, – деді Вадим Овсянников.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Digital • Бүгін, 08:20
Маман • Бүгін, 08:15
Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 08:12
Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?
Сараптама • Бүгін, 08:10
Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07
Нейрохирургияның жаңа міндеттері
Медицина • Бүгін, 08:05
Digital • Бүгін, 08:02
Өндіріс • Бүгін, 08:00
Жетісуда жел электр стансасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 07:55
Қоғам • Бүгін, 07:50
Саясат • Бүгін, 07:45
Трансшекаралық су мәселесі реттеледі
Үкімет • Бүгін, 07:40
Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше