Жуырда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Қырғызстан және Тәжікстан республикаларында болды. Өңір басшысы сапарының негізгі мақсаты – жақын елдердің өңірлерімен сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету және «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» холдингінің өнімдерін аталған елдердің нарығына шығару мәселесін талқылау болды. Аймақ басшысының төрағалығымен барған қазақстандық делегация сапар аясында Қырғызстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Олег Панкратовпен және Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Азим Иброхиммен келісімдер жүргізді. Душанбеде Шығыс Қазақстан облысы мен Тәжікстан ынтымақтастығы бойынша өзара пайдалы бағыттардың келешегі белгіленді. Ауыл шаруашылығы министрі Махмадтоир Зокирзода және тәжікстандық іскер топтар өкілдерінің қатысуымен өткен кездесулерде облыс басшысы тау-кен, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, автомобиль құрастыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту салаларындағы өңірдің жетістіктері мен мүмкіндіктерін баяндады. Тараптар сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету мәселелерін қарап, аталған елдердің аумағында Lada автокөліктерінің бөлшек саудасы және сатудан кейінгі қызмет көрсету, дистрибуция мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтады. Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімдерінің басым бөлігін (7 млрд. АҚШ доллары) автокөлік жасау саласындағы өнімдердің құрайтынын жеткізді. Аталған саладағы жылдық айналым 1,3 млрд. АҚШ долларынан асады. «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы оңтүстіккореялық, француздық, ресейлік және чехиялық сауда белгілерімен барлығы 30-дан астам түрлі кластағы автокөліктерді шығарады. Осы орайда облыс әкімі шығысқазақстандық холдингтің тәжікстандық нарыққа шығуына мүдделілік білдірді. Яғни, компаниялар тобы Тәжікстанда кең көлемде автодилерлер торабын, қызмет көрсету орталықтарын ұйымдастыруға әзір. Келісімдердің нәтижесінде «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» холдингінің Тәжікстан нарығына шығуы бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатында аталған елдерге жақын арада жұмыс топтары жіберілмек.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың қазан айында Орталық Азия елдеріндегі Lada автокөліктерінің дистрибуция құқығына «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» холдингі ие болған еді. Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі шеңберінде қазақстандық «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы мен ресейлік «АВТОВАЗ» ААҚ басшылары біріккен іс-қимыл туралы келісімге қол қойған. Әріптестер Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Моңғолия елдерінің нарығына тауар жеткізуші инфрақұрылымды өзара біріге отырып, дамытуға келіскен болатын. Бұдан бұрын осы іспетті келісім Ресейдің Сібір және Орал федеральды округтерінің нарығына қатысты қабылданған. Осылайша, «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» Еуразиялық экономикалық одақтың автокөлік нарығына шығу жобасын сәтімен жүзеге асыра білген алғашқы қазақстандық компания болып отыр. 2015 жылы қазақстандық холдинг Ресейдің 11 қаласынан 15 жекеменшік автоорталық ашып, сату желісін құрды. Қазақстандық холдингтің келісім жасасқан аумағы 7 мемлекетті, оның ішінде Қазақстан мен Ресейдің азиялық бөлігін қамтиды. Бүгінде бұл кәсіпорынның қамтыған нарығы аумағындағы халықтың жалпы есебі 84 миллионнан асып отыр. Яғни, холдингтің Қазақстанның маңайында қалыптастырған өткізу және қызмет көрсету желісі Өскемен қаласындағы «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ алаңында салынып жатқан толық циклді автоөндіріс инфрақұрылымының экспорттық негізіне қызмет етеді деген сенім бар.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03