26 Ақпан, 2016

Жаһандық шараға дайындық жоғары

222 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
100-851Тәуелсіздік сарайында екі күнге созылған ЭКСПО-2017 халықаралық ма­мандандырылған көрмесіне қаты­сатын мемлекеттер мен компаниялардың халықаралық қаты­сушыларының екінші жиналысы өз жұмысын аяқтады. Бұдан бұрын хабар­лаға­ны­мыздай, бұл жиынға әлемнің 102 мемлекетінен және 14 халық­аралық ұйымнан 300-ге тарта де­легат қатысты. Бүгінгі күнге дейін елордада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне 75 мемлекет жә­не 14 халықаралық ұйым қатысатын­дығын растаған болатын. Халық­аралық қатысушылар жиыны кезін­де Астанадағы көрмеге қаты­су туралы 13 келісімге қол қойыл­ды. Тәуелсіздік сарайында өт­кен халықаралық жиынның алғаш­қы күні Ресей Федерациясы мен Қы­тай Халық Республикасы Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне қатыса­тын­дығы туралы келісімге қол қойды. Халықаралық қатысушылар жиынының екінші күні оған қаты­сушыларға коммуникация­лар және көрмені ілгерілету бо­йын­ша жобалар, мәдени ойын-сауық бағ­дар­ламалары таныс­тырылды. Жан-жақты пікір алысулар барысында бұл жобалар мен бағдарламаларды одан әрі жетілдіру мәселелері тілге тиек етілді. Алқалы жиын барысында көрмеге қатысу туралы ұжымдық келісімдерге қол қою рәсімі одан әрі жалғасты. Халықаралық қа­ты­сушылар жиналысының екінші күні елор­дада өтетін ЭКСПО-2017 көрме­сіне қа­тысуын растаған тағы 10 ел ке­лісімге қол қойды. Бұл мем­ле­кеттер­дің қатарында Мо­нака, Вьет­нам, Венгрия және басқалар бар. Түс ауа Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық маман­­дан­дырылған көрмесіне қаты­су­шы­лардың екінші жина­лысы­ның қорытындысы бойын­ша бас­пасөз мәслихаты болып өтті. Оған Халықаралық көр­мелер бюро­сының бас хатшы­сы Висента Лоссерталес, ЭКСПО-2017 көр­месіндегі Қы­тай Ха­лық Респуб­ликасы секция­сы­ның комиссары Ван Цзинь­ч­жэнь, ЭКСПО-2017 көр­месін­дегі Француз Республикасы сек­­ция­сының комиссары Паскаль Лоро және Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандан­дырылған көрмесі хатшылы­ғының директоры Аян Ере­нов қатысты. Өз сөзінде Ви­сента Лоссерталес ха­лықаралық жиын­ға қаты­сушылар көрме қала­­шығы құры­лысын аралап көрге­нін және құ­рылыстың жүргі­зілу мер­зімі мен сапасына толық қана­ғат­тан­ған­дық­тарын атап көрсетті. Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің ашы­луы­на 15 ай уақыт қалды. Аста­нада өткен екі күндік халық­ара­лық жиын барысында біз көр­меге дайындық барысымен және осы бір жауапты шараға қатыс­ты мәселелердің барлы­ғымен жан-жақты танысып, тал­­қы­­ладық. ЭКСПО көрмесіне дай­ын­­дық мәселесі жоспарға сай бел­­­гіленген межеде жүзеге асуда. Біз осы басқосу барысын­да көр­ме қалашығы нысан­дары­ның құрылысын, болашақ павильон­дардың контентін, қатысу­шы­лардың өз павильондарын дайындауға қатысты атқара­­тын жұмыстарын және басқа мәселелерді талқыладық. Жоға­­ры ұйымшылдықпен өткі­зіл­ген жиналыс барысында біз қа­зақстандық әріптес­тері­міздің халықаралық көрмені өткі­зу мәселелерін ерекше жауап­­кер­шілікпен және ыждағат­ты көзқараспен жүргізіп отыр­ғанына көз жеткіздік», деп атап көрсетті Халықаралық көрмелер бюро­сының бас хатшысы. Одан әрі баспасөз мәслихатына қаты­­су­шылар журналистердің тара­пынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қытай Халық Республикасының комиссары Ван Цзиньчжэнь әлем елдерінің ішінде электр энергия­сын ең көп тұтынатын Қытай мемлекеті екенін атап көрсете келіп, өз елінде жаңғырмалы энергия көздерін дамыту мәселесіне барынша басымдық беріп отырғанын айтты. «Қазір Қытайда жасыл технологияны дамыту мақсатында арнайы жоспар қабылданған. Бұл салаға мемлекет тарапынан ауқымды инвестиция бөлінуде. Біз алдағы уақытта қоршаған ортаны ластап, ауаға таралатын көмірқышқыл газын 30 пайызға дейін қысқартуды көздеп отырмыз. Бұл тек Қытай үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін елеулі көрсеткіш болып табылады», деді Ван Цзиньчжэнь. Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне Қытай елінен қанша туристер келуі мүмкін деген сұраққа орай ол бұл бағытта үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын, көрші Қазақстан елінде өтіп жатқан жаһандық шараға Қытай жұртшылығының ерекше қызығушылық танытатындығын атап көрсете келіп, көрме өткізілетін кезеңде Қытайдан Қазақстанға 75 мыңнан астам туристер келуі мүмкін деген болжамын айтты. «Адамзат болашағы жаң­ғыр­малы энергия көздерінің дамуы­мен тікелей байланысты. ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі та­қырыбы «Болашақтың энергия­сы» екендігі белгілі. Енде­ше халықаралық көрме өтетін кезеңде Қазақстан әлем­дік инновациялар мен техноло­гия­лардың орталығына айналады. Дүниежүзінде жер көле­мі жағынан 9-шы орынды иеле­нетін Қазақстан аумағында таби­ғат­тың небір кереметтері бар. Та­биғаттың осы бір тартуын әлем туристерінің игілігіне айнал­дыруға ЭКСПО-2017 көрме­сінің қосатын үлесі зор болатын­дығына сенімдімін», деді ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Фран­цуз Республикасының комисса­ры Паскаль Лоро. Баспасөз мәс­ли­хатына қатысушылар журналис­тер тарапынан қойылған сұрақ­тарға толық та мәнді жауап берді. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».