АТЫРАУ. 26 ақпан. Атырау облысында биыл елді мекендерді ауыз сумен қамтуға жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің мәлімдемесіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Әкімнің мәлім етуінше, «Ақ бұлақ» бағдарламасы басталғалы бері Атырау облысында 88 нысанның құрылысы аяқталып, 72 елді мекенде тұратын 76 мыңнан аса тұрғын таза ауыз сумен қамтылыпты. Мәселен, өткен жылы Махамбет ауданының Ақтоғай, Сарытоғай, Жалғансай ауылдарына және Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылына да ауыз су жеткізілген. Облыс елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу үлесі 52 пайыздан 75,6 пайызға өсті.
«Биыл жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлініп, ауыспалы 10 нысанның құрылысы аяқталады. Индер ауданында үш ауыл – Аққала, Құрылыс, Ынтымақ, Махамбеттің төрт ауылы – Алмалы, Таңдай, Ортақшыл, Алға, Исатай ауданында Тұщықұдық, Жылыойда Тұрғызба ауылының ғимараттары мен су құбыры аяқталады. Қызылқоға ауданының Тайсойғандағы ұңғымалары іске қосылады» – деп мәлім етті Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.
• 26 Ақпан, 2016
Атырауда ауыз сумен қамтуға 1 млрд. теңге бөлінеді

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше