ТАРАЗ. 26 ақпан. Таразда жоғалып кеткен алты жасар баланы Ұлттық ұлан сарбаздары тауып берді. Бұл туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған қызметтің өкілі Айдос Байшағыровтың айтуынша, 23 ақпан күні сағат 19:05-те Тараз қаласындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында Ұлттық ұланның әскери жасағына сол қаланың тұрғыны, азаматша Арайлым Өмірәлиевадан 6 жасар ұлы Қалмахан Бекнұрдың үйден шығып, жоғалып кеткендігі туралы хабар түскен. Баласын тауып беруді өтінген анасының айтуы бойынша ұлы Бекнұр сол күні сағат 12:30 шамасында компьютер клубына ойнауға кетіп, қайта оралмаған. Анасы өз күшімен ұлын іздеп таба алмаған соң сарбаздардан көмек сұрауға мәжбүр болған.
«Жоғалған бала туралы мәлімет алған соң Ұлттық ұланның әскери жасақ құрамы, әскери жасақ патрулінің бастығы қатардағы Азамат Асылбек, патрульдер қатардағы Айдос Дәулетқұлов пен Тайыр Ибрагимов және кинолог сержант Ерболат Асанов «Рада» лақап атты қызметтік итті қолдану арқылы дереу баланы іздеуге кірісті. Баланы іздеу барысында компьютерлік клубтың маңынан «Рада» лақап атты қызметтік ит жоғалған баланың ізін кеседі, сол арқылы әскери жасақ ізге түсіп аймақты тінтуге кірісті», – деді Айдос Байшағыров.
Осыдан кейін 20 минут уақыт бойы із кескен әскери жасақ құрамы 1500 метр аумақты тінтіп шығып, ақыры жоғалған баланы қалалық мәдениет үйінің маңынан тауып алады және оны сарыла күтіп отырған анасына аман-есен жеткізеді. Баланың айтуы бойынша, ол ойнап жүріп уақыттың кеш болып кеткенін білмей қалады және анасының оны іздеп жүргенін сезбеген.
«Өздерінің қызметтік іс-әрекеттеріне дереу кірісіп, жедел іс-қимылдарының арқасында уақыт оздырмай ұлын тауып берген Ұлттық ұланның әскери жасақ құрамына жоғалған 6 жастағы Бекнұрдың анасы шексіз алғысын білдірді», – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің өкілі.
Оралхан Дәуіт.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: inform.kz.

Павлодарда өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секірген қыз көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 16:10
Израильдің Ливанға жасаған шабуылынан 4 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 16:00
Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:51
Бүгін Дастан Сәтпаев «Қайрат» жейдесіндегі соңғы матчын өткізеді
Футбол • Бүгін, 15:49
ҰБТ: Грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 15:39
Ұлттық білім беру платформасы Қазақстанға не үшін қажет?
Білім • Бүгін, 15:35
Димаш Құдайберген Алтай төрінде ән шырқайды
Мереке • Бүгін, 15:24
Азат Перуашев партия төрағасы қызметінен кету себебін түсіндірді
Партия • Бүгін, 15:09
Ақтауда гүлді тегін таратқан кәсіпкер айыппұл арқалады
Аймақтар • Бүгін, 15:00
Мәжіліс ҰҚШҰ елдерінде әскери күштердің болуы ережелерін жеңілдетуді қолдады
Парламент • Бүгін, 14:51
Англия мен Өзбекстан құрамасының бірнеше ойыншысы әлем чемпионатына қатыспайды
Футбол • Бүгін, 14:47
Жасанды интеллектінің әсері: Болашақта кімдер жұмыссыз қалуы мүмкін?
Қоғам • Бүгін, 14:35
Астана қаласы парақорлық ісі бойынша көш бастап тұр
Оқиға • Бүгін, 14:27
Алматы облысында 19 адам дәмханадан суши жеп, уланып қалды
Оқиға • Бүгін, 14:15
Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың ұлы қамауға алынды
Әлем • Бүгін, 14:03