27 Ақпан, 2016

Cөз сойыл № 22

527 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

* Әзілің жарасса...

Безимени-1Суретті салған Өмірсерік НҰРТАЕВ.

*Бірде... Қайдағы мен жайдағы Сөзге шешен, оқығаны мен тоқығаны, көргені мол әкем Сейіт Кенжеахметов отырыс­тарда ғибратты әңгімелер мен тарихи шежірелерден сөз қозғап, көпті риза етіп отыратын әдеті болатын. Әкемнің ел алдындағы беделін қызғанатын біреу: – Сейіт, сен осы қайдағы мен жай­дағыны қайдан білесің? – деп­ті. Сонда қайран әкем тоқ­тал­мастан: – Құдай екеумізді қатар жа­рат­қанда сен бұрын барып айлалы мен пайдалыны қымқырып кет­кенде, маған қайдағы мен жай­дағы қалған жоқ па? – деген екен. Ақын әкімге сәлем бермейді 1994 жылы күзде Торғай облысының Сарыторғай деген жерінде Кенесары батырларының бірі Төлек Жәуке батырдың тойы болады. Оған сол кездегі облыс әкімі Жақан Қосабаев та келеді. Үлкен-кіші әкімге жүгіре сәлем беріп, қолын алып, жалбақтап жатқанда Сейіт орнынан қозғалмай тұра береді. Оны көрген біреу оған: «Әкімге неге сәлем бермейсіз?» деп қалады. Сонда ақын әкем: – Алла берген ақын адам берген әкімге сәлем бермейді, – депті. Адам танымай қалыпты Басшылық қызметке жаңадан тағайындалған өркөкірек біреу әкем Сейітті көрмегенсіп жанынан өте беріпті. Мұндайды қалт жібермейтін әкем: – Мынау үлкен қызметке жаңадан тұрған біреу емес пе? – дейді көпке естірте. – Иә, дәл солай. Оны қалай білдіңіз? – Бәсе, бұрынғыдай емес, адам танымай қалыпты, депті. Бұрынғы есім Арқалықтағы кітап дүкенінің сатушы қызы әкеме жақсы кітап­тарды сақтап қояды екен. Әкем рахметін айтып, алып тұрады екен. Алған сайын қыздың есімін сұрап алады екен де, кейін ұмытып қала беретін көрінеді. Бір жолы тағы кітап алып тұрып, есімін айтып алғысын білдірейін десе, есімі аузына түспейді. – Қалқам, есімің кім еді осы? – деп сұрайды. – Хадиша ғой, аға. – Е-е, бұрынғы атың екен ғой, рахмет, қалқам, – депті сонда әкем. Зәмзәгүл КЕНЖЕАХМЕТОВА. АРҚАЛЫҚ. Тас қамал ма, тас үй ме? Таусылғандай басқа амалы, Қазір кейбір «крутойлар» Салатын болды тас қамалды. Алатаудың бөктерін жағалай, Сай-саласын «паналай», Қарағай, тал мен қайыңын кесіп, Тау-тасын қопарып, Бұрғылап, тесіп, Талғардың шатқалында, Колхоздың бұрынғы егістік, Алма-өрік өсірген бақтарында, «Қалқаман», «Мамыр», «Таугүліңде» Бара қалсаң сау күніңде Байлардың салған үйін көріп Еріксіз басың айналады. Осындай хан сарайын салдыратын «Шонжарлар» қаржыны қайдан алады?! Екі метр биік бойыңнан, Дарбазасы – шойыннан. Аумағы – футбол алаңының аумағындай, Қоршауы – Мамаев қорғанындай. Қабырғасын зеңбірекпен Атсаң да құламайтын, Ұрылар бас сұға алмайтын, Құпия «жұмбақ» тас үйлер көп. Түрме дейін десең, Төңірегі көкарай шалғын, Мәуелі саябағы бар, Шомылатын бассейні мен Биллиярд ойнайтын залы бар. «Жер аумағы бір гектардай, Иесі кім екен, неткен бай!?» – Деп таңдай қағасың. Таңданбай-ақ қой сен оған, Ұзын сөздің қысқасы: «Жемсауы» үлкен жемқорлар, Немесе банкты тонаған, Доллары бір чемодан, Не халықтың қазынасын обаған. Үйлеріне бас сұға алмайсың, Төбеттері бар қабаған. Ауласына күзет қойған, Қызметші қыздары – он адам! Аула сыпырушы алты адам ұстайды, Сенбесең, үйіне бас сұғып көр, Тапаншамен тарс еткізіп, Табанда атып тастайды... *   *   * Алатаудың аясында, Алма бақтың саясында Қалталылар хан сарайын салғанда Табиғатты аясын ба !? Тау-тасын қопарып, Арша мен шыршасы оталып, Жатқанда Аллатағалам да, «Көз қырын» бір салып өтеді. Бір күні табиғат та қаһарына мініп, Ондай үйлерін сыпырып-сиырып Топансу алып кетеді... Нұртан ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ. АЛМАТЫ. «КӨРІМ» КӨЗ (монолог) Әй, ит өмір-ай!.. Құрсақ көте­­руге зар болып жүріп, көз­жа­­сымды көріп, шарана шыр етіп дүниеге келгендегі қуаны­шымды айтсаңшы... Сөзімді «ит өмір-ай» деп бастауым – тоғыз ай көтеріп дүниеге келтіргенім... әй, иттікі, бәрі ана полигонның... атом сы­на­ғының сықпыты, туғаннан со­ның «бұлтын» жамылып, ауа­сын сіміріп өскеннің кесірі... балам «басқада жоқ бала» болып дүниеге келіп... қос жа­на­ры­мен қосақталып тура маң­дайына алақандай көз бітіп жарқ ете қалғанын айтсаң­шы... Алғаш көріп абдырап, тілім күр­меле түске дейін есімді жоғал­тып есең­гіреп, сасқан­нан қақ маң­дайдағы жанарды сипалап бір ашып, бір жұм­ғыза беріппін... Күйеуім кө­ріп күреңітіп, онсыз да бар тұтық­пасы қозып, қылғынып қалды. «Әй, ит өмір-ай, онсыз да шық­па жаным шықпамен жүрген мына заманда... қиын­дықтан, жетіспеушіліктен қажып біткен басымызға бала бұйырып еңсе түзеліп, ертеңгі күнге үмітпен қарап, қиындық атаулыға қаса­рыса тұрар демеу бола ма деп жүр едік... Ал керек болса, болашағың бордай тозды, үмітің үзілді деген осы» деген күңіреніспен ес-түссіз екі жеті жатып ес жисам... үй толы адам... сөйтсем олар пер­зентімнің көрім көзін қызық­тау­шылар екен. Ақырып тұрып айдап шықтым... Кеткен соң қарасам, ашумен байқамаппын – сәбиімнің төңірегі толған ойыншық, өзін киіндіріп үлде мен бүлдеге орап-ақ тастапты. Күйеуімнің жүзі жайдары, баласын ойнатып бас жағында отыр. Ана емеспін бе, іштен шық­қан шұбар жылан... еңірене емсініп емізейін кеп... Облыстан келдік дейді, әкел­гендері әжептәуір, үндемей отырып шығарып салдық. Теледидардан келдік дегенде, «жетпегені осы еді» деп шат-шәлекей болдым... Олардың «сәби ерекше қамқорлыққа алынады, табиғаттың «тамашасы» ерекше құбылыс болып отыр», деп өздері тарапынан теледидар әкелгенін құлағым шалып бір сәтке үнсіздік таныттым... Ойпыр-ай, көп өтпей «көрім көзімді» теледидардан көріп көзайым болдым. Келушілер де көбейді, құрқол емес, «көрімдіктері» көңіл жұбатады... Жасырмаймын, келген кірістен әжептәуір қоң да қордаланып қалыпты. Бір бизнесмен табалдырық ат­тағаннан ақша шашып, балам жат­қан бесікті бір бумасы­мен «бу­лап» кете барғанын айт­саң­шы. Тағы біреуі арнайы келіпті, баламды құшағына алып теле­дидарға тебірене сөйлеп, бай­ғазым болсын деп кетерінде жеңіл көліктің кілтін сәбидің мойнына іліп кеткені. Құдай оңдап Астанадан да өкіл келіп, «Еліміздің атын ай­­­­дай әлемге алып шыққан сәби­­­­­дің ата-анасына деген құр­ме­т­і­­м­із мынау!», деп об­лыс орт­а­­­­лы­ғынан тиесілі пәтер­дің құжат­­тарын бесіктегі баламыз­дың үстіне тастап, пәтер кілтін сал­та­­натты түрде өзіме табыс­тады. ...Зымыраған уақыт-ай, өстіп жүріп жыл да өте шығыпты. Несін айтайын, келіп кеткен ел-жұрттан айналмаспысың... Осындайда өзіме-өзім «атың шықпаса жер өрте» деп мыс­қылдап, бұйырған бүлдіршініме тәубе деп жүріп, бір күні «тағы да перзентті болсам қайтеді?..» деп ой түйіп, оны санама сап саралай келіп: «Бізде ғой полигон құрығалы қашан... неде болса күні бүгіндері атомын сынаудан алдына жан салмай отырған ана аты шулы пәлекет мем­лекетке барып тұрақтап, сонда жү­ріп құрсақ көтеріп қайт­сам», деген делқұлы ойымды қорқа-қорқа күйеуіме сыздықтата жет­кізіп едім, «Дұрысы сол! Осы­ны ойлағаныма да он айдың жүзі болды. Ойымыз бір жерден шықты, кеттік қатын!» деп, жүзі жай­дары, жанары жадыраңқы, әшейін­дегі тұтықпасының бел­гісі де жоқ отырған орнынан атып тұрғаны... Ерсұлтан МАҒЖАН. Алматы облысы. МАЙРАНЫҢ «ЕНЕСІ» Әсем мен Майра бір сыныпта оқиды екен. Бір күні таңертең Әсем сабаққа барарда үй телефо­ны­мен біреуге соғып, мектепке бірге барайық дейді. Сол күні олар сайысқа дайындалмақ боп, мек­тепте кешке дейін жүріп қалады. Кеш болған соң анасы Әсем­ді уайымдап, іздей бастайды. Ана­сы қы­зының Майрамен дос еке­нін білетін. Содан анасы, осы қыз таңертең бір досына соғып еді ғой, сірә Майра шығар деп, сол телефонға қоңырау шалады. Теле­фонды бір үлкен әйел кісі көтереді: – Алло? – Алло, саламатсыз ба, маған Майра керек еді. – Мен Майраның енесімін, айта беріңіз... Күтпеген жауапқа таң қалған Әсемнің анасы: – Сіздің үйде 8 сынып оқитын қыз бар ма? – дейді. Сонда әлгі әйел: – Иә, біздің Айша да сабақтан әлі келмеді, – депті. Сөйтсе, Айшаның анасының аты да Майра екен. Ал Майраның енесімін деген кісі Айшаның әжесі болып шықты. ПАЙДА КӨРУ Бір күні үйдің жанында жұмыс жасап жүрген жұмысшылар бір баланы дүкенге темекі алып келуге жұмсап, қолына 20 теңге беріпті. Ол бала әкесіне барып: – Әке, мені темекіге жұмсап жатыр, барайын ба? – дейді. Әкесі: – Бара ғой, барғаныңа ақша сұра, – дейді. Біраз уақыттан соң баласы әкесіне келіп: – Әке, 20 теңге пайда көрдім, – дейді. Әкесі: – Солай ма, олар сенің барып келгеніңе ақша берді ме? – Жоқ, темекіні сіздің атыңызға жаздырып, 20 теңгені өзім алдым, – дейді. Камшат ЖҰБАТХАНОВА. АҚТАУ. Тікенек сөз Әйелдің миынан гөрі қамырының ашығаны жөн. *   *   * Қысылған қыздың дегені: «Алам деп алмай кетті албасты!» *** Қазаққа тән сөз: «Бір кредит деп жүріп жатырмыз». *   *   * Әйел затының «пенсиядан» бұрын тұрмысқа шыққаны дұрыс. *** «Байланыс жоқ» деп хабарлады байланысшылар. *   *   * Бас пен шығарманы қатар жазуға болмайды. *** Қазір «кет» десең ит те кетпейді. *   *   * Бүгінгі тілі ащы шалдар – кешегі тілі тәтті балдар. *** Таңғы темекі таныстан. *   *   * Жұмысы – тиіп, қашу. Махаббаты – сүйіп, қашу. *** Менің орысшам Қызылорда мен Жезқазған­ның арасындағы жол сияқты. *   *   * Қарғыстың жаманы: «Айлықпен қал». *** Долларлы бала сүймекке жақсы. *   *   * Құлақтандыру – құлақтан ұру. Орынбасар ӘЛЖІК. Қызылорда. Біз де сіздерге жетеміз (Бейімбетше) – Уа, кімсің? – «Первашпын». – Жаймысың? – Жаймын. – Уа, қайдан келесің? – Сабақтан келемін. Ақшамның соңын жұмсап Тамақтан келемін. Лекцияны үзбей жазып жүрген жайымыз бар, Алғашқы сессияны – 5-ке тапсырамыз ба деген ойымыз бар. – Оy, төртінші курспен таныстың ба? – Таныстым. – Не дейді? – He десін, ақша сұрайды. – Қанша? – Бір стипендия. – Бір стипендия?! – Ойбай-ау, сонда нең қалады? – Нем қалсын, Мен қалам, Кітап-дәптерім қалады. – Енді не етпексің? –    Ауылдан ақша күтем. – Күтсең күт, Мен де сол ақшаңды күтем. *   *   * – Уа, өзіңіз кімсіз? – «Дедпіз». – Жаймысыз? – Ураганбыз. «Перваштарды» шетінен «турағанбыз». Төртінші курс болған шеніміз бар, Оқытушыға жаққан ебіміз бар. Біз – «крутой», біз – «блатной», Күш сынасса жүн болады, Кім тең келер, ойпырмой! – Айтпақшы, қайдан келесіз? – Сабақтан қашып келеміз. «Перваштарды» «сындырып», Жалғанды жалпағынан басып келеміз! – Енді не етпексіз? – Бітіреміз. Кетеміз. – Кетсеңіз кетіңіз, Біз де сіздерге жетеміз! Үміт ЗҰЛХАРОВА. АЛМАТЫ. СЕМЬЯОТБАСЫНДАҒЫ «ОШАҒАН» Күйеуі әйеліне: – Жадыра, мен футбол көрген кез­де басқа нәрсенің бәрін ұмы­тамын. – Мен Жа­ды­ра емеспін, Мәди­намын. *    *    * Әйелі: – Еркек деген – са­­ғыз, басында тәт­­ті, кейін дәмсіз. Күйеуі: – Дұрыс айтасың, сендер – шайнап-шайнап дәмін кетіретін ауызсыңдар. *    *    * Ері мен әйелі қонаққа барғалы жатыр. Әйелі: – Сен көп ішіп бара жатсаң, мен саған «зима» деймін, сол кезде қоя ғой, жарай ма? – Жарайды. Ертесіне әйелі ренжіп отыр: – Мен «зима» дегенде қойма­­дың. Еще «огонь» дедің. «Огонь» деген не? – «Оттамашы» деген. *    *    * – Сүйіктім, са­ған туған кү­ніңе не алып берейін? – Ой, білмедім, жаным. – Онда саған ой­лануға бір жыл уақыт беремін. Мүйісті жүргізетін  Берік САДЫР