27 Ақпан, 2016

Өндірісі өскелең өңір

319 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
DSC_2514Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында өңір басшысы Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есептік кездесуін өткізді. Облыс әкімі алғашқы сөзді өңір тұрғындарын алдағы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаудан бас­тап, ширек ғасыр ішінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және халықтың жасампаз еңбегімен ұлттық экономиканың қалыптасқанын, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бүгінгі күрделі жағдайда елді әрі қарай дамытатын кешенді жоспар екенін атап өтті. Өңір басшысының айтуынша, өт­кен жылы валюта бағамының өзге­руі­не, түсті металдардың арзандауы­на қа­ра­мастан өндірістің барлық салалары бойынша экономикалық өсімнің оң қар­қыны сақталды. Айталық, негіз­гі ка­пи­талға салынған инвестиция кө­­лемі 119 пайызға өсті. Еуропалық Қай­­та құру және даму банкі арқылы ин­же­­нер­лік инфрақұрылымды дамыту ма­­са­тында 5 маңызды жобаға инвестиция тартылды. Семей қаласының инженерлік инфрақұрылымы бойынша 11 млрд. теңгені құрайтын келісімге қол қойылды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 109 пайызға өсті. 318 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңнан астам отбасы пәтер кілтіне ие болды. Сонымен қатар, 43 әлеуметтік нысан қолданысқа беріліп, құрылысы ұзаққа созылған 118 нысанның 94-і іске қосылды. 330 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті. Д.Ахметов дағдарысты еңсеруде өңірдің автоөнеркәсіп әлеуетін тиімді пайдалану қажеттілігін айтты. Осы орайда автокөлік өнеркәсібіндегі сұраныс­тың өсуі мен оның экономикадағы маңыз­дылығы ескеріле отырып, автоклас­тер құры­латынын жеткізді. Қазіргі кезде «Pricewater house Coopers» ірі халық­ара­лық консалтингтік компаниясының ша­ғын және орта бизнес бойынша өнді­рісті ұйымдастыру ұсыныстары жинақ­талған шеберлік жоспары бар. Сон­дай-ақ, Өскемен қаласындағы толық цикл­ді автозауыт пен автобөлшектер шыға­ратын технопарк құрылысының ма­ңызы зор. Бұл қосымша 15 млрд. теңге са­лық түсімдерін әкелмек. Аталған өнді­ріс өнім­нің өзіндік құнын азайтуға және жаңа жұ­мыс орындарын құруға көзделген. Шығыс Қазақстанда биыл индус­­трия­лық-инновациялық даму бағдар­ла­масы аясында 9 млрд. теңгеге 9 жобаны жүзеге асырып, 900 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Оның ішінде ең ірі жоба – Аягөз ауданындағы Ақтоғай тау-кен байыту кешені. Жоба іске қосылған кезде 1,5 мың жұмыс орны құрылып, жылына 50-65 млн. тонна кен шығарылады. Өткен жылы тотық­ты кен өңдеу кешені негізінде алғаш­қы 400 тонна катодты мыс алынған болатын. Былтыр ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 100,6 пайызға өсті. Жал­пы алғанда, агроөнеркәсіп кеше­нінде 5 млрд. теңгеге 94 жоба іске асы­рылды. Өңірде тауарлы сүт фер­маларын құру және сүт қабылдау пунк­ттерін дамыту бағдарламасы одан әрі жал­ғас­­тырылатын болады. Биыл 7 млрд. тең­­геге 7 жаңа тауарлы сүт фермасын іске қосу және 17 ферманы қайта жаң­ғыр­­ту жоспарланған. Бұл ретте сүтті сау­ын сиырларды көбейту, мал басын асыл­­дандыру, жаңа технология ен­гізу сын­ды тауарлы сүт өндіру кеше­нін қа­лып­тастыру бағытындағы жұмыс­тарға қол­дау көрсетіледі. Облыс әкімі шығыс­қазақстандық сапалы сүт өнім­дерімен Ресейдің көршілес аймақтарын да қамтуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Бізде ет те, сүт те, мал басы да жеткі­лікті. Сондықтан, жаңадан бір нәрсені ойлап табудың қажеті шамалы. Тек жаңа өндірісті құра білуіміз керек, деген облыс әкімі жоғары технология­ны енгізу мен білікті мамандардың қажеттілігіне тоқталды. Жағымды жаңалықтың бірі, осыған дейін монополияға тәуелді болып кел­ген балық шаруашылығының тіз­гіні қара­пайым тұрғындарға да тие­сі­лі бол­мақ. Ірі су қоймалары мен тоған­дарда ба­лық ау­лау­ға берілетін рұқ­сат­нама­лар­ға бұ­рын­ғыдай санаулы компа­ния­лар емес, жа­ға­лаудағы елді мекен­дер­дің ба­лық­шылары да иелік ете ала­ды. Аймақ бас­шысы бұл бағытта Тарба­ғатай, Зай­сан, Күршім, Ұлан аудан­дарының әкім­деріне нақты тапсырмалар берілгенін жеткізді. Ұзақ жылдар бойы күршімдіктердің негізгі мәселесіне айналған Бұқтырма су айдынына салынатын көпір мәселесінің шешімін табу қарастырылуда. Биыл мем­лекет-жекеменшік әріптестігі аясында атал­ған көпірдің құрылысына байқау жария­ланып, жобалық-сме­талық құжат­тары әзір­­ленбек. Жалпы, өткен жылы инвес­тиция тарту екі бағытта, яғни мем­ле­­кет-жекеменшік әріп­тестігі және халық­аралық қаржы инсти­туттарынан қара­жат тарту арқы­лы жүргізілді. Біздің мақсатымыз – бюджет қара­жа­тын үнемдеп, концессиялық жобаларды мемлекет-жекеменшік әріптестігі және халықаралық қаржы институттарынан ин­вес­тиция тарту арқылы жүзеге асыру, – деді аймақ басшысы. Былтыр аталған әріптестік аясында 28 балабақша қол­данысқа берілді. Елімізде алғаш рет шығыс өңірінде концессиялық келісім негі­зінде 11 балабақша құрылысы бас­талды. Осы негізде Өскеменде көп са­лалы және Семейде балалар ауруха­нала­ры­ның құрылысына байқау жарияланып отыр. Облыс әкімінің айтуынша, алдағы 3 жылда 200 млрд. теңге шетел инвестициясын тарту міндеті тұр. Тұрғындардың көкейкесті сауалда­рына жауап берген өңір басшысы Өске­мен мен Семей қалаларында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ойын алаң­дары пайдалануға берілетінін жеткізді. Біз көріктендіру туралы айтқанда, тек бір санаттағы адамдарды ғана ойлаймыз. Сондықтан, физикалық тұрғыдан кемістікпен туған балаларды да естен шығармағанымыз абзал. Бірде-бір қала мен ауданда олар ойнайтын алаңқай жоқ, деді әкім. Бұл санаттағы бүлдіршіндер өздерін қоғамның толық мүшесі ретінде сезінуі үшін 2016 жылы тірек-қимыл жүйесінде кінәраты бар балаларға арналған арнайы пансионат салынбақ. Онда білім алушылардың белгілі бөлігі арнайы мамандықты игеріп шығатын болады. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Шығыс Қазақстан облысы.