27 Ақпан, 2016

Майклдың киіз үйі

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
СтудентКанадалық Майкл Джеф­фри есімді студент біраздан бері көп қабатты үйдегі пә­терден безіп, өзі арнайы тігіп алған киіз үйде тұрып жатқан кө­рінеді. Бүгінде Британ Ко­лумбиясы провинциясына қа­расты Камплупс қаласында тұ­ратын ол Thompson Rivers университетінде оқиды. За­манға тез бейімделгіш жігіт көп қабатты коммуналды үйлерге қарағанда, киіз үй­де тұру әлдеқайда арзанға түседі деп есептейді. Оның тағы тиімділігін ол киіз үйдің мобильдігімен, яғни тез жи­нап алып, көшіп кетуге бо­латындығымен түсіндіреді. Студенттің қазіргі бар шығыны – үй тігіп алған орны үшін жер иесіне айына 150 доллар ақы төлейді екен. Үйдің ішіне пеш қойып алған, іс жүзінде электр қуатын пайдалан­байды. Ұялы телефоны мен ноутбугін жақын арада тұрған дәмханадан қуаттауға тырысады. Майкл Джеффриге Батыс адамының ойына кі­ре бермейтін мұндай идея ала жаздай Эдмонтондағы до­сының киіз үйінде тұрғанда келсе керек. «Менің бір курста оқитын кей достарым бір бөлмелі пәтер жалдау үшін айына 400 доллар төлейді, ал менің қаншалық үнемдейтінім туралы айтып жату артық. Қазіргі канадалықтар орталық жылу жүйесінсіз өмір сүре алмайды. Барлығымыз жайлы өмірге үйреніп алғанбыз. Бұрын жүздеген, мыңдаған жылдар бойы адамдар осындай үйде тұрды ғой. Мұны нағыз ыңғайлы мекен деп есептеймін», – дейді ол. Аян ӘБДУӘЛИ.