27 Ақпан, 2016

Питон 6 жасар баланы жеп қоя жаздады

332 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Әлем-жәлем әлем 26-02-16-pitonАустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс жерінде сұмдық оқиға орын алды. Жоғарғы керуетте ұйықтап жатқан алты жасар Тайлерге питон шабуыл жасады. Алып жылан оның беті мен қолына жабыса кеткен. Сол кезде баланың айқайынан оянып кеткен анасы Тамара бөлмеге келіп, ұлын аждаһаның аранынан аман алып қалады. Бала ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. 26-02-16-хоккейСотқар хоккейші мұз үстінде төрешімен төбелесті Канада хоккейшісі Оливье Маркотт матч кезінде мұз айдыны үстінде төрешімен төбелесіп, соның салдарынан бірден полицейлердің тұтқынына түсті. Оқиға Үйеңкі жапырағы елінің жастар лигасындағы Шербруктің «Хоки-Экспертс» және Николаның «Петролеум А.А.» командалары арасындағы матч кезінде орын алған. Қапталдағы арбитрдің шешіміне риза болмаған Шербруктің 21 жастағы ойыншысы оған бірден тап береді. Бірақ рефери де қарап тұра қоймапты. Ал хоккейшіні полицейлер қолына кісен салып алып кетті. 26-02-16-festyvalАпельсин фестивалінен 70 адам зардап шекті Италияның Ивреа қаласында өткен жыл сайынғы дәстүрлі апельсинмен шайқас фестивалінің соңы оған қатысқан 70 адам үшін аурухана төсегіне жатумен аяқталды. Олардың барлығы да апельсинмен ұрып, шайқасу барысында бастарынан қатты соққылар алған болып шықты. Тағы 28 адам глинтвейн мен шарапты шамадан тыс ішіп, оның дозасын арттырып алғандары үшін төсекке таңылыпты. Бұлардың арасында 12 жасар бала да бар. Жалпы, биыл қалада апельсин шайқасына 7 мыңнан астам билет сатылыпты.   26-02-16-галактика«Құс жолының» арғы жағы – жаңа галактикалар Астроном-ғалымдар «Құс жолы» жұлдыздар шоғырының арғы жағында көптеген галактикалардың жатқанын анықтады. Мұны 1969 жылы Айға алғашқы адам аяғының қадам басқанын көрсеткен телескоп тапты. Ғалымдар бұл маңайдан 833 галактиканың табылғанын мәлімдеді. Бұлардың үштен бірін олар ешқашан көрмеген екен. Жаңалық радиотолқындарды өлшейтін инновациялық қабылдағыштың арқасында ашылыпты. 26-02-16-brilliantМейрамханада моллюска арасынан жақұт табылды Америкалық бір әйел ресторанда моллюска жеп отырып, оның ішінен табиғатта өте сирек кездесетін жақұт тас тауып алыпты. Мұндай қазынаға тап келген Вашингтон штатындағы Исаак қаласының тұрғыны Линдсей Хасц сол сәтте күйеуімен бірге италия тағамдарының Montalcino Ristorante Italiano мейрамханасында тамақтанып отырған екен. Ол бір сәт аузына қатты бірдеңенің тигенін байқайды. Оны қолымен ақырын алып шығарған келіншек сосын қызық үшін қағазға орап, қалтасына салып алады. Ал үйіне келіп зерттеп көргенінде, Хасц аса қымбат бағалы маржан тасқа кезіккенін біле қояды.   алемОқушы атын бүркеніп келіпті АҚШ полициясы кейін анықталғандай, 23 жасар украин жігіті болып шыққан «оқушыны» қамауға алды. Сөйтсе, ол визасының мерзімі өтіп кеткендіктен, жасанды құжаттарды пайдаланып келіпті. Әңгіме Америкаға қысқа мерзімді визамен келген украиналық Артур Самарин туралы болып отыр. Пенсильвания штатындағы Харрисбург қаласының мектебінде ол Эшер Поттс деген атпен тіркеліп келіпті. Оның құжаттарының жалған екенін білген полиция украин азаматын қамауға алған. Қазір жігітке мәліметтерді ұрлады және құжаттарды қолдан жасады деген айып тағылып отыр. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізде дайындалды.