Соңғы жылдары Қостанайдың өндіріс саласына машина шығару өзенге талмай құяр бұлақ секілді қосылды. Әлемге танымал атақты Ssang Yong, осы марканың қазақстандық NOMAD үлгісін, Toyoto секілді брендтерді құрастырды. Әлемді құрсаған қаржы және саяси дағдарыстарға және Ресейден автокөліктің көптеп кіргізілуіне байланысты өткен жылы Қостанайда құрастырылған автомобильдерге сұраныстың түсіп кеткені белгілі. Алайда, бұл осы саланы дамытуға көлденең тұрмайды.
Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Қостанайға келген сапарында Қытай, Франция, Италия инвесторларымен кеңес өткізді. Жобалар бойынша екі және үш жақты меморандумдарға қол қойылды. Келісімдер түйінделер алдында AllurGroup директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев министрге және шетелдік инвесторларға машина жасау ісінің кеңейтілуіне байланысты қайта жасалған және жаңғыртылған өндірістік алаңды аралатып көрсетті. Осы жерде Peugeot, JAC және IVECO Stralis, Daily ауыр жүк машиналары жасалады. Желіден шыққан автомобильдер көрсетілді. Оның айтуынша, осы іске 2016 жылы 8,6 миллиард теңге инвестиция құйылады, жылына 40 мың автомобиль сапқа қойылмақ.
Негізі Қостанайдан өндірілетін машиналар Ресей нарығына бейімделеді. Бірақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кеден шарттарына сәйкес экспортталатын тауарлардың 50 пайызы сол елде жасалуы тиіс. Соған орай франциялық, қытайлық машиналарды құрастырғанда олардың 50 пайыз жұмысы тікелей Қостанай машина құрастыру зауыттарында атқарылуы тиіс. Мұны шетелдік инвесторлар құп алды.
Осыған орай Қостанайда индустриялық аймақ құрылатын болды. Оның инфрақұрылымдық жұмыстары биыл басталып, келесі жылы аяқталады. Оған барлығы 2 миллиард теңгенің сыртында қаржы бөлінбек.
– Индустриялық аймаққа жер бөлу, оған газ, су, жолдар, теміржол тарту секілді инфрақұрылымдық жұмыстардың барлығы облыс еншісінде. Мұның құжаттары дайындалу үстінде, биыл жұмысты бастаймыз, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
Инвесторлармен кездесу соңында аталған мәселелер бойынша келісімдерге қол қойылды.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05