Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандық мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаровтың және аталған орталықтың басқарушы директоры Айдос Көбетовтің қатысуымен брифинг өтті. Олар аталған саланың дамуы және қазіргі жай-күйі туралы әңгімелеп берді.
«Қазақстандық мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ойнаров 2015 жылдың 11 қарашасында Елбасының «Мемлекет-жекеменшік әріптестігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын, ал осы жылдың 15 ақпанында нормативтік актілер заңдық тұрғыда өз күшіне енгенін, соның негізінде мемлекет-жекеменшік саласының қазақстандық моделі әзірленгенін жеткізді. «Біздікі бір жағынан аралас модель десек те болады. Себебі, біз еуропалық модельден бөлек, Оңтүстік Кореяның моделін де ескеріп, сараладық. Қазір бұл бағыттағы көптеген жоба жүзеге асырылуда», деді А.Ойнаров. Оның айтуынша, жаңа заңнаманың тетіктерін пайдалану мемлекет және бизнестің өзара әрекеттесуінің жаңа үлгілерін енгізуге мүмкіндік береді, осылайша, оның әрбір өңірде, жалпы республика көлемінде тұрақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуын қамтамасыз ете алады. «Яғни, «Мемлекет-жекеменшік әріптестігі туралы» заңның негізгі мақсаты – қолжетімділік деңгейін және қоғамдық игілік пен қызметтердің сапасын арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы мемлекет пен жекеменшік арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру және нығайту», деді басқарма төрағасы.
Ал «Қазақстандық мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ басқарушы директоры Айдос Көбетов жаңа заңның қабылдануына, оған сәйкес жаңа мүмкіндіктердің ашылуына байланысты жеке тарап мемлекет-жекеменшік әріптестігін дамытуға байланысты үлкен қызуғышылық танытып отырғанына тоқталды. «Заң қабылданғаннан бергі 3 айдың ішінде «Қазақстандық мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ-та 290-ға жуық кездесу өтті. Оның 70 пайыздан астамы жеке тараптардың ұсынысы және жеке тараптармен тікелей жүргізілген келіссөздер негізінде жүзеге асты. Олар әртүрлі жобалар ұсынып отыр. Мәселен, мемлекеттік органдар көбіне әлеуметтік, инфрақұрылымдық салалардағы жобаларды дамытуға қызығушылық танытатын болса, жеке тараптар IT-технологиялар саласына, яғни ақпаратттандыру мен автоматтандыруға, бұдан бөлек, қоршаған ортаны қорғауға, энергетиканы дамытуға, оның ішінде, электр энергиясын ұтымды пайдалануға қатысты жобаларды кеңінен қолға алуға ниет танытып отыр, деді А.Көбетов.
Брифинг барысында «Қазақстандық мемлекет-жекеменшік әріптестігі орталығы» АҚ өкілдері қазіргі таңда Қазақстанда 102 мемлекет-жекеменшік әріптестігіне қатысты әртүрлі жобалардың дайындалып жатқанын, олардың 8-і республикалық, ал 94-і жергілікті деңгейлерде екенін жеткізді. Олардың пікірінше, мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетіктері дағдарыс кезеңі мен мемлекеттік секторда жүргізілетін қатаң үнемдеу шаралары кезінде де әлеуметтік-экономикалық секторды дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25