ҚАРАҒАНДЫ. 29 ақпан. Қарағанды облысындағы Саран қаласында пәтерлердің бірінде газ баллоны жарылды. Абырой болғанда тұрғындар жапа шеккен жоқ. Бұл туралы nv.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Газ баллоны жарылған пәтерде тұратын зейнеткер әйелдің жүйке ауруы бар. Әлеуметтік органдардың кейуананы қарттар үйіне көшірмекші болған әрекеті әзірге іске аспай жатқан көрінеді. Көршілерінің айтуынша, осыған дейін де зейнеткердің газды сөндіруді ұмытып кеткен оқиғалары болған екен. Газ баллонының жарылысынан ешкім жапа шеккен жоқ. Тек кейуана тұратын пәтердің есік-терезесіне зақым келген. Қазіргі уақытта газ баллоны мен редуктор сараптамаға өткізіліп, апаттың себеп-салдары анықталуда. Қайрат Әбілдинов. Дерек: nv.kz. Сурет: nur.kz.Өнеркәсіп әлеуетінің экономикалық негізі
Экономика • Бүгін, 08:25
Егемен Қазақстан • Бүгін, 08:20
«Алтын сақина» пьесасының құнды қолжазбасы
Тарих • Бүгін, 08:17
Тағзым • Бүгін, 08:15
Ұлы дала ғұламалары және Түркістан
Аймақтар • Бүгін, 08:13
БҰҰ мінберінен сөйлеген біртуар қайраткер
Тұлға • Бүгін, 08:10